Дүйсенбі күні Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран сынағынан кейін, АҚШ әуе күштерінің B-1B бомбалаушы ұшағы АҚШ-Корея бірлескен әскери оқу-жаттығуға келіп қатысты.
Бұл осы айдағы екінші реткі өткізіліп отырған әскери оқу-жаттығу. АҚШ жақ Солтүстік Кореяның зымыран сынағын ауыр әскери арандатушылық деп сынға алып отыр. Бұл туралы “The Wall Street Journal” басылымы хабарлайды.
АҚШ Қорғаныс департаментінің мәлімдемешісі бұл реткі оқу-жаттығуды растады әрі жаттығудың екі Корея шекара сызығына жақын кеңістікте өтіп жатқанын мәлімдеді. Алайда мәлімдемеші оқу-жаттығудан ішкерілей мәлімет беруден бас тартты. Бұл жаттығудағы жүктелген тапсырманың не екенін айтудан АҚШ-тың Тынық мұхит әскери қолбасшылық бас штабы да бас тартып отыр. Десе де, B-1B бомбылаушы ұшағы секілді қауіпті әскери ұшақтардың Корей түбегіне келуі соңғы он жылда болмаған оқиға.
Бұл АҚШ Әуе күштерінің айбыны болып саналатын ұшақтардың бірі. Ал, Солтүстік Корея бұл бомбалаушы ұшақтардың Корей түбегінен ұшып өткенін айыптап отыр. Бірақ, бұл реткі зымыран сынағы АҚШ-тың шымбайына қатты батты. Үш бірдей алып авиаматкасын жіберумен қатар, Тынық мұхитында зымыранға қарсы жүйені сынақтан да өткізді. B-1B бомбалаушы ұшағын да Солтүстік Кореяға ескерту ретінде алып келіп отыр.
Дереккөз: qazaqtimes.com