Месси тағы да «Алтын бутсы» иегері атанды, деп хабарлайды Baq.kz.
Аргентиналық «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналдумен теңесті. Ол төртінші рет «Алтын бутсы» иегері атанып отыр. Өткен Испания чемпионатында спортшы 37 гол салып, 74 ұпай жинаған болатын.
«Алтын бутсы» номинациясында Мессидің қарсыласы лиссабондық «Спортинг» шабуылдаушысы Бас Дост болған. Ол 34 гол соғып, 68 ұпай еншілеген еді. Үшінші орында дортмундтық «Борусии» шабуылдаушысы Пьер-Эмерик Обамейянг болды. Оның есебінде 31 гол мен 62 ұпай болды.
Дереккөз: Baq.kz