АҚШ Қорғаныс министрлігінің басшысы Джеймс Мэттис (суретте) Солтүстік Кореямен соғыс басталған жағдайда, бұл соғыстың зардабы барлық аймақтарға әсер етеді деді. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметі ресми сайты хабарлап отыр.
АҚШ Қорғаныс министрі сөзінде: « Солтүстік Корея аймақта Оңтүстік Корея мен Жапонияға қатер төндіріп отырғаны анық. Егер келіссөздер іске аспай, бейбіт бітім жүзеге аспаса онда әскери әрекеттерге көшуіміз мүмкін. Ал егер, Солтүстік Кореямен арада соғыс болатын болса бұл Қытай және Ресейді қамтыған бүкіл аймақты шарпиды», – деді.
Солтүстік Кореяда қазір Сеул қаласын атқылай алатын жүздеген зеңбірегі бар артиллериялық қосынға ие. Оның үстіне баллистикалық зымырандарды да өндіріп отыр. Туылуы ықтимал болған бұл соғыс шынымен де бұрқ ете қалса көптеген елді шығынға батыратын ауыр апат болады деп көрсетті АҚШ министрі.
Осы айдың орта шенінен бері тынши қалған Солтүстік Корея мәселесі, зымыран сынағынан кейін қайталай қыза түсті. Келіссөздердің қалай қашан жүргізілетіні туралы ақпарат әлі күнге дейін әлемдік ақпарат кеңістігінде сөз болмай келеді.
Дереккөз: qazaqtimes.com