Атырау, 28 қараша 05:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Макрон: Russia Today мен Sputnik жалған ақпарат таратты

1 830 просмотра

Франция президенті Эммануэль Макрон мен Ресей президенті Владимир Путин Версаль сарайында өткен баспасөз конференциясында. Париж, 29 мамыр 2017 жыл.
Франция президенті Эммануэль Макрон Ресейдің мемлекеттік Russia Today телеарнасы мен Sputnik агенттігін мамырда өткен президент сайлауында өзіне қатысты "жалған ақпарат таратып, пропаганда жасады" деп айыптады. Ресей президенті Владимир Путинмен өткізген баспасөз конференциясында Макрон бұл БАҚ-тар "ықпал ету және пропаганда органдары" болғанын және "өздерін үкімет құрылымдары сияқты ұстайтынын" айтты.

7 мамырда өткен президент сайлауының екінші кезеңінде ультра оңшыл, Кремльдің саясатын жақтайтн Марин Ле Пеннен басым түскен Эммануэль Макрон Ресей президентімен бірінші рет кездесіп отыр. Макрон екінші кезең қарсаңында ресейлік хакерлер мен дезинформацияның нысанына айналғанын мәлімдеген.

Путин 29 мамырда Мәскеудің Франциядағы сайлауға киліккенін жоққа шығарған. Ол наурызда өзінің Марин Ле Пенмен Мәскеудегі кездесуі сайлау барысына ықпал ету әрекеті болмағанын айтты.

Дереккөз: Азаттық

30 мамыр 2017, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.