Атырау, 28 қараша 05:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Путин Трампты қорғаштады

2 667 просмотра

Фото: Slate.com

Сәрсенбі күні Ресей президенті Путин өткен аптадағы Трамп пен Ресей сыртқы істер министрі кездесу барысында маңызды құпиялықтардың айтылғаны туралы ақпаратты теріске шығарды. 

Осыдан бұрын «Уашингтон Пост» басылымында Трамп Ресей өкіліне АҚШ-тың маңызды құпиялығын жайып салды деген тақырыпта мақала жариялап, Құрама Штатта күшті аңыс тудырған болатын. “The Wall Street Journal” басылымының хабарлауынша, Қазіргі кезде Трампқа Уашингтон тарапынан жасалатын қысымдар барған сайын артуда. Өткен аптада Трамп президент кеңсесінде Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров пен Ресейдің АҚШ-та тұратын бас елшісі Сергей Кислякті қабылдаған болатын. Терроризмге қарсы тұрудың бірлескен жобалары туралы әңгімеде Трамп АҚШ-тың шетелдегі ақпар жинаушы агенттерін әшкерелейтін құпиялықтар туралы айтты деген айып бар.

Ресей басшысының кешегі сөзінде Трампты ақтай сөйлегені байқалады. Ол Сергей Лавров АҚШ президентімен кездескеннен кейін Ресей барлау агенттеріне немесе органдарына айта қоярлық ешқандай құпиялыққа ие болмағанын айтты. Тіпті ол сөзінде: «Егер Трамп мырза келісетін болса, Кремль кездесу барысының жазбаша нұсқасын жариялай алады», – деді.

Дереккөз:  qazaqtimes.com 

18 мамыр 2017, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.