ANSA агенттігінің хабарлауынша, жарылыс пошта бөлімшесіне кіреберісте болған. Екі жарылғыш құрылғы іске қосылып, бір көлік зақымданған. Жарылысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Италия билігі таяуда мамырдың соңында елде "Үлкен жетілік" елдерінің саммиті өтетініне байланысты қауіпсіздік шараларын күшейту жоспарын қабылдаған. Италия саммит өтетін кезеңде Шенген келісімі аймағындағы елдермен 20 күнге шекарада бақылауды қайта орнатқан.
Дереккөз: Азаттық