БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысында Ұлыбритания мен Франция Солтүстік Кореяға санкцияны күшейту керектігін айтып, қауіпсіздік кеңесі бұндай жағдайда бар күшін көрсетуі тиіс деді. Ал осыған дейін Солтүстік Кореяға қатысты барлық құжаттарға вето қойып келген Ресей ешқандай мәлімдеме жасамаған.
Естеріңізге салайық мамырдың 14 күні Солтүстік Корея өзінің тағы бір баллистикалық зымыранын сынақтан өткізген. Хвасон-12 баллистикалық зымыраны Ресей шекарасынан 500 шақырым жерден ұшып өтіп, Жапон теңізіне барып түскен болатын.
Дереккөз: qazaqtimes.com