Атырау, 28 қараша 03:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Евровидение-2017» байқауының жеңімпазы анықталды

Бейнежазба
2 121 просмотра


Киевте «Евровидение-2017» халықаралық байқауының ақтық сайысы өтті. Португалиялық Сальвадор Собрал (суретте) дәстүрлі ән додасының жеңімпазы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Финалда 9 және 11 мамыр күндері Киевте өткен екі жартылай финалдық кезеңдерден сүрінбей өткен 20 әнші, сондай-ақ «Евровидение»-нің негізгі бес спонсор елі - Ұлыбритания, Франция, Германия, Испания, Италияның және байқауды қабылдаушы ел - Украинаның өкілдері бақталастырды. Байқаудың шешуші кезеңін қазақстандықтар «Хабар» теларнасынан тікелей эфирден тамашалады.

Букмекерлер бірінші орынды финалға автоматты түрде өткен италиялық Франческо Габбани иеленетіндігін болжаған еді. Олардың пайымынша, екінші орынды Португалия әншісі Сальвадор Собрал, ал үшінші орынды 17 жастағы болгарлық Кристиан Костов алуы тиіс болатын. 

Шешуші додада «Beautiful Mess» әнін орындаған Костов қазаққа жиен болып келеді. Ол Мәскеуде дүниеге келген. Оның әкесі Константин - болгар, анасы Зәуре - қазақ. Зәуре 1985 жылы Мәскеудегі институтқа оқуға түсіп, оны аяқтағаннан кейін Ресейде қалады. Әншінің ата-анасы оның өнерге деген құлшынысына қолдау білдіріп, төрт жасында «Непоседы» танымал студиясына жіберген. 

Анасының айтуынша, Кристиан қазақ тілін жақсы түсінеді. Себебі, Зәуре Мәскеуде бизнеспен айналысып жүргенде, оны нағашы атасы мен әжесі тәрбиелеген екен. Айта кетейік, «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында Костов өзінің әншілік қабілеті нағашы атасынан дарығанын айтқан болатын. 

Қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша бірінші орынды Португалия өкілі Сальвадор Собрал жеңіп алды - 758 дауыс.


Дереккөз: ҚазАқпарат


14 мамыр 2017, 13:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.