Жұма күні Дональд Трамп Сауд Арабиясына ресми іс сапармен барады деп мәлімдеді АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Герберт Макмастер.
Герберт Макмастер журналистерге берген сұхбатында « Дональд Трамп Сауд Арабиясында ислам діні жайында кең көлемде сөз сөйлейді. Бұл Трамптың АҚШ президенті ретінде шет елге жасағалы отырған алғашқы іс сапары. Онда ол исламдағы радикализм, террориммен күрес жайында баяндама жасайды.» деген.
Дональд Трамп жұма күні Сауд Арабиясында елуге тарта мұсылман мемлекеттерінің басшыларымен кездеседі. Бұдан бөлек ол Израиль мен Ватиканға барады деп күтілуде. Дональд Трамп өзінің АҚШ президенті ретінде жасағалы отырған алғашқы іс сапарында бас, аяғы 10 күн ішінде бес мемлекетке бармақ. Естеріңізге салайық Дональд Трамп президент сайлау кезінде америка жұртшылығын мұсылмандарды елге кіргізбеуге шақырған болатын.
Дереккөз: qazaqtimes.com