Атырау, 19 мамыр 22:13
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Энтони Джошуа Владимир Кличконы нокаутқа түсірді

Бейнежазба
2 527 просмотра

29 сәуірде кешкі уақытта Лондондағы Уэмбли стадионында жылдың ең маңызды жекпе-жектерінің бірі өтті. Аса ауыр салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы 27 жастағы ұлыбританиялық Энтони Джошуа экс-чемпион, осы дивизионның көп жыл бойғы чемпионы 41 жастағы украиналық Владимир Кличкомен жұдырықтасты.  

Жекпе-жекті тікелей эфирден "Интер" мен "Матч ТВ" арналары көрсетті.  

Алғашқы бірнеше раундта боксшылар ара-қашықтықты сақтап, сақ болды. Қос боксшы да бір-біріне соққы жасап жүрді. Бесінші раундта ұлыбританиялық боксшы Кличконы нокдаунға түсірген, алайда айтарлықтай басымдыққа ие бола алмады. Оның үстіне, украиналық оң қолымен күшті соққы жасады. Рефери оған да нокдаун санады. Осыдан кейінгі раундтарда боксшылар жақыннан жұдырықтаса бастады. 11-ші раундта ұлыбританиялық украиналықты екі рет нокдаунға түсіріп, кейін соққыны үдете бастаған. Осы кезде төреші жекпе-жекті тоқтатып, техникалық нокаут тіркелгенін көрсетті. 

Осылайша Джошуа 19 жекпе-жегінде 19-ыншы жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ол белбеуін қорғап, бос тұрған WBA Super титулын жеңіп алды. Владимир Кличко болса әуесқой бокстағы бесінші жеңілісіне ұшырап отыр.

Дереккөз: Тengrinews.kz 

30 сәуір 2017, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.