Өткен айда Трамп Сириядағы үкімет күштерінің әуе базасына соққы жасауға пәрмен берген. Соққы Хан Шейхун қаласында бейбіт тұрғындарға қарсы химиялық қару қолданылғанына жауап ретінде жасалған. АҚШ 100-ге тарта адам қаза тапқан шабуылды Асад күштерінен көрген. Ресей шабуылға Асад күштерінің қатысы бар деген ұйғарымды жоққа шығарған. Бұл шабуылдан соң Трамп Вашингтон мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас "бұрын-соңды болмаған төмен деңгейге түсіп кеткенін" мәлімдеген.
Трамп қызметіне кіріскелі бері Путинмен телефонмен бірнеше рет сөйлесті. Ресей сыртқы істер министрлігінің 1 мамырда таратқан ақпаратына қарағанда, келесі аптада Ресей мен АҚШ сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Рекс Тиллерсон кездеседі. Кездесу 10 я 11 мамырда Аляскадағы Арктика саммитінің аясында өтпек.
Дереккөз: Азаттық