Германия Парламенті адамның беті мен денесін толықтай жауып тұратын ниқаб киімін киюге тыйым салу туралы заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Вести.ru.
Бұл кейбір мұсылман әйелдердің бетін бүркеп, тек көзі ғана көрісететін жамылғы. Тыйым жалпыға бірдей емес, тек мемлекеттік қызметкерлерге, судьяларға және әскерилерге салынады.
"Интеграция, бұл біздің құндылықтарымызды нақты көрсетіп, таратуды білдіреді. Біз мақұлдаған заң жобасы маңызды үлес қосады", - деді ГФР ішкі істер министрі Томас де Мезьер.
Еске салайық, ниқабқа ішінара тыйым салу туралы өткен жылдың аяғында ГФР канцлері Ангела Меркель айтқан болатын. Ниқаб - араб елдерінде, әсіресе Сауд Арабиясында, Йеменде, Бахрейнде, БАӘ кең таралған. Сонымен қатар Сирия, Сомали, Пәкістан, Үндістан, Ауғанстан елдеріндегі әйелдер де киеді.
Дереккөз: Тengrinews.kz