Атырау, 28 қараша 01:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мысырдағы терактілерді жасаған кімдер?

1 679 просмотра


Жексенбі күні Мысырда жанкешті лаңкестер екі шіркеуде жарылыс жасады. «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісінің хабарлауынша, лаңкестердің аты-жөні Әбу Ысқақ әл-Масри және Әбу әл-Бараа әл-Масри екені анықталды. 

Әбу Ысқақ әл-Масри Александриядағы христиандық шіркеуде теракт жасаған. Ол 1990 жылы қыркүйек айында Маньята Аль-Камда дүниеге келген. Сауда бакалавры дәрежесін алған. Оның Кувейтте төрт ай есепші болып жұмыс істеп, Түркияға аттанғаны белгілі. Одан кейін 2013 жылдың 26 желтоқсанында Сирияға аттанған. Кейінірек, Синайға қайта оралған. Мысырдың Танта қаласындағы шіркеуде болған екінші терактіні Әбу әл-Бараа әл-Масри жасаған. Ол 1974 жылы 13 желтоқсанда Кафр-эль-Шейхтегі Әбу-Табель қаласында туған. Орта білім туралы дипломы бар, үйленген және үш баласы бар. 

2013 жылдың 15 тамызында Әбу әл-Бараа Сирияға аттанған, кейінірек Ливанға кетіп, қайтадан Сирияға оралған. Екі бомба жарылысы Мысырдың копт шіркеулерінде болып, ең кемі 44 адамның өмірін жалмады және жүзден астам адамның денсаулығына зақым келтірді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

11 сәуір 2017, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.