Ресейлік гвардияның сарбаздарына шабуыл жасаған және Астраханда полицейлерді өлтірді делінген төрт күдіктінің көзі жойылды, - деп хабарлайды РИА Новости Ресей гвардиясының ресми өкіліне сілтеме жасап.
Тергеу комитетінің өкілі Андрей Хегай қаза тапқан шабуылдаушының суретінің осыған дейін полицейлерді өлтіруге қатысы бар қылмыскерлерге қатысты жарияланған іздеуде жүргенін айтқан болатын. Тағы біреуі жарақат алып қайтыс болды, ал қалған екеуі қоршауға алынып көзі жойылды. Әзірше Ресей гвардия сарбаздары арасында қаза тапқандар жоқ. Көзі жойылғандардың есімдері жарияланбады, алайда, болжам бойынша олардың қатарында Астрахан облысының тұрғындары Нұрбол Саспанов пен Рамзан Кукулаев бар. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Сондай-ақ, соңғы мәліметтерге қарағанда, Ресей гвардиясына шабуыл жасағандардың бірі атыста зардап шекті. РИА Новости құқық қорғау органдарындағы дереккөздерге сілтеме жасай отырып, оның осыған дейін қарақшылық үшін сотты болғанын және осыдан бірнеше күн бұрын өлтірілген полицейлердің өліміне қатысы бар Нұрбол Саспанов екенін хабарлады.
Еске салайық, 2017 жылдың 4 сәуірінде шамамен сағат 00.27-де белгісіз біреулер Астрахандағы Ленин ауданы Автозаправочный көшесінде орналасқан "Магистраль" дүкенінде полицейлерге шабуыл жасаған. Тергеушілер бұл шабуылға қатысы бар сегіз адамның тұлғасын анықтаған. Олардың екеуі Қазақстан тумалары екені хабарланған болатын.
Дереккөз: Тengrinews.kz