Атырау, 28 қараша 01:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

АҚШ Сирия әскери базасын зымыранмен атқылады - АҚШ

2 542 просмотра


АҚШ қарулы күштері Сирия үкіметтік жасағының әскери базасы бойынша Хомс провинциясы аумағына 50 зымыран жіберді.  Бұл туралы ТАСС агенттігі NBC телекомпаниясына сілтеме жасап хабарлады. 

Олардың деректеріне сәйкес, зымыран соққысы Сирияның Идлиб провинциясындағы химиялық шабуылға жауап есебінде жіберілген. Барлық Tomahawk зымырандары бір ғана нысанаға жасалған. АҚШ зымырандық соққысының көздеген нысанасы Хомс қаласы маңындағы аэродром болатын. 

Америкалық БАҚ-тың ақпаратына қарағанда, Сирияның батысындағы Шайрат әуежайы Жерорта теңізіндегі әскери кемелерден 60-тан астам "Томогавк" зымырандарымен атқыланған. АҚШ билігінің өкілдерінің айтуына қарағанда, шабуылда ұшу-қону алаңдары, ұшақтар мен жанармай құю станциялары нысанаға алынған.

АҚШ күштері шабуыл жасардың алдында ғана ресейлік дипломаттар Вашингтонды "күмәнді әрі қайғылы қадам жасаудан" сақтандырып, "оның кері салдарларына бар жауапкершілік" АҚШ-тың мойнына жүктелетінін мәлімдеген.

4 сәуірде Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясының көтерілісшілер бақылайтын Хан-Шейхун қаласында химиялық шабуылға ұқсас шабуылдан 70-тен астам адам қаза тапқан. Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәліметінше, Сирия, я Ресей авиациясы жасаған әуе шабуылынан соң ондаған адамның тыныс алуы қиындап, түрлі симптомдар пайда болған. Қаза тапқандардың көпшілігі - бейбіт тұрғындар.

АҚШ президенті Дональд Трамп химиялық шабуылды "жантүршігерлік" және "адамзат үшін масқара әрекет" деп атаған. Ол шабуыл жауапкершілігін Сирия президенті Башар Асадқа артып, қатаң жауап шараларын жасауға үндеген.


Дереккөз: ҚазАқпарат, Азаттық


7 сәуір 2017, 09:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.