Атырау, 28 қараша 01:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Тиллерсон мен G7 министрлері Сириядағы жағдайды талқылайды

2 462 просмотра


АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Италияға экономикасы дамыған "Үлкен жетілік" елдері сыртқы істер минитрлерінің кездесуіне барды. Жиында Сириядағы дағдарыс талқыланбақ. Италия ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Тиллерсон мен өзге G7 елдерінің сыртқы істер министрлері бүгін кезекті сессияға қатысып, 11 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша Сириядағы жағдайды талқылау үшін арнайы кездесу өткізеді.

G7 елдерінің министрлері жиынына сонымен қатар Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Иордания мен Катардың сыртқты істер министрлері де қатысады деп жоспарланған.

G7 құрамында АҚШ, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Италия, Франция және Канада бар. Ресей G8 құрамына кірген еді, бірақ Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алған соң оның құрамынан шығарылған.

Италиялық БАҚ-тың хабарлауынша, Италия сыртқы істер министрі Анджелино Альфано Сирия тақырыбына арналған сессияның АҚШ Сирия әуе базасына зымыранмен соққы жасағаннан кейін бұл елдегі әскери жағдайдың "қауіпті бағытқа бет алуының" алдын алу үшін шақырылғанын мәлімдеген. Соққы Дамаскінің Сирия азаматтарына қарсы химиялық қарумен шабуыл жасауына жауап ретінде берілген.

Келіссөзге қатысушылар Тиллерсоннан АҚШ-тың Сирияға қатысты саясатын айқындап алуға тырысады деген болжам бар.

Дереккөз: Азаттық

10 сәуір 2017, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.