Атырау, 29 желтоқсан 02:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Санкт-Петербургтегі теракт: Террористік ұйымдардың 8 мүшесі ұсталды

2 131 рет қаралды

Фото: ria.ru
Санкт-Петербург метросында болған жарылысқа қатысты істе террористік ұйымдардың сегіз мүшесі ұсталды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Федералды қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортников айтты. 

"Жедел-іздестіру шаралары барысында террористік ұйымдардың сегіз мүшесі ұсталды. Олардың алтауы Санкт-Петербургте, екеуі Мәскеуде болған. Барлығы Орталық Азияның тумасы", - деді Александр Бортников. 

"Үлкен көлемдегі қару тәркіленді. Осыны ұйымдастырушылар мен олардың сыбайластары болуы мүмкін адамдар іздестіріліп жатыр", - деді Федералды қауіпсіздік қызметінің директоры. 

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 3 сәуірінде Санкт-Петербург метросының екі бекетінде жарылыс болған еді. 

Дереккөз: Тengrinews.kz 

11 сәуір 2017, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.