Атырау, 8 қазан 17:29
 дождьВ Атырау +23.2
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

Әлемде

БҰҰ Донбаста қаза тапқандар саны туралы жаңа есебін жариялады Әлемде

БҰҰ Донбаста қаза тапқандар саны туралы жаңа есебін жариялады

Украина шығысында үкімет күштері мен Ресей қолдайтын сепаратистер арасныда соғыс басталған 2014 жылдың сәуірінен бері 10 мыңға жетеғабыл адам қаза тапты. Бұл туралы БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының жаңа есебінде айтылады. БҰҰ мәліметінше, 2014 жылғы сәуірдің ортасынан 2017 жылдың 12 наурызына дейін 9940 адам қаза тауып, 23455 адам жараланған. 16 наурыз 2017, 10:51 3 073 рет қаралды
Путин Оңтүстік Осетия әскерінің Ресей армиясына қосылуын мақұлдады Әлемде

Путин Оңтүстік Осетия әскерінің Ресей армиясына қосылуын мақұлдады

Ресей президенті Владимир Путин үкіметке Грузиядан бөлініп кеткен Оңтүстік Осетия аймағымен аймақтың қарулы күштерінің Ресей армиясы құрамына қосылуына мүмкіндік беретін келісім жасауға бұйрық берді. Ресей іс жүзінде Оңтүстік Осетияны бірнеше жылдан бері бақылауда ұстап келеді. Дегенмен, ресми Мәскеу бұл аймақты жеке мемлекет санап келген. 15 наурыз 2017, 09:58 3 213 рет қаралды
Сирия оппозициясы Астана келіссөзіне қатыспайтынын мәлімдеді Әлемде

Сирия оппозициясы Астана келіссөзіне қатыспайтынын мәлімдеді

Сирияның оппозициялық топтары бүгін - 14 наурызда Астанада басталуы тиіс Сирия бейбіт келіссөзінің кезекті жиынына қатыспайтынын мәлімдеді. Оппозиция Ресей мен Сирияның өткен жылы желтоқсанның соңында жасалған қақтығысты тоқтату туралы келісімді орындағысы келмейді деп айыптайды 14 наурыз 2017, 11:17 2 480 рет қаралды
ЮНИСЕФ: Сирияда қаза болған балалар саны артты Әлемде

ЮНИСЕФ: Сирияда қаза болған балалар саны артты

2016 жыл Сириядағы соғыс зардабын тартқан балалар үшін ең қиын жыл болды деп мәлімдеді БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ). 2016 жылы соғыстан сириялық 652 бала құрбан болып, миллиондаған бала босқынға айналған. "Сирия аумағында өткен жылы зорлық-зомбылықтың күрт артуына байланысты қаза тапқаны мен жараланғаны расталған және содырлар қатарына тартылған балалар саны көбейді" делінген ЮНИСЕФ таратқан баяндамада. 13 наурыз 2017, 11:12 3 438 рет қаралды
Абхазия: Парламент сайлауына сайлаушылардың 50 пайыздан көбі қатысты Әлемде

Абхазия: Парламент сайлауына сайлаушылардың 50 пайыздан көбі қатысты

Грузияның жікшіл Абхазия аймағының билігі 12 наурызда өткен жергілікті заң шығарушы орган сайлауында сайлаушылардың 50 пайыздан астамы дауыс берді деп хабарлады. Абхазия сайлау комиссиясының басшылығы 12 наурызда сайлаушылар белсенділігі 2012 жылғы сайлаудан 5 пайызға жоғары болғанын айтады. Аймақта сайлаушылардың 25 пайызы дауыс берсе сайлау өтті деп есептеледі. Дауыс берудің алдын ала қорытындылары 13 наурызда жарияланбақ. 13 наурыз 2017, 10:09 2 506 рет қаралды
Стамбулда акцияға қатысушы Нидерланд елшілігінің туын ауыстырды Әлемде

Стамбулда акцияға қатысушы Нидерланд елшілігінің туын ауыстырды

Стамбулдағы Нидерланд елшілігінің территориясына кеше наразылық акциясына қатысушы адам еніп, Нидерланд туын Түркияның туына ауыстырып қойды. 11 наурызда Нидерланд мен Түркия арасындағы шиеленістен елшілік "қауіпсіздік шараларына" байланысты уақытша жабылған. Елшілік пен нидерландылық дипломаттардың үйлерінің алдына полиция бекеттері қойылды. Осы шараларға қарамастан, наразы адам дипломатиялық өкілдіктің шатырына шығып алды. Ол туды ауыстырып, "Аллаху акбар" деп айқайлап, одан соң жасырынып қалды. Бірнеше минуттан соң Нидерланд туы орнына қайта орнатылды. 13 наурыз 2017, 10:00 2 044 рет қаралды
Биылғы «Евровидениеде» Ресейдің намысын мүгедекарбадағы әнші қорғайды  Әлемде

Биылғы «Евровидениеде» Ресейдің намысын мүгедекарбадағы әнші қорғайды

Биыл Киевте өтеді деп жоспарланған «Евровидение-2017» халықаралық музыкалық байқауында Ресей атынан мүмкіндігі шектеулі әнші Юлия Самойлова өнер көрсетеді. Ол Flame Is Burning әнін орындайды, деп хабарлайды Baq.kz. 13 наурыз 2017, 09:41 2 221 рет қаралды
Песков: Ресейдің Трамп әкімшілігінен көңілі қалды Әлемде

Песков: Ресейдің Трамп әкімшілігінен көңілі қалды

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөзінше, Мәскеу АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігінен және қарым-қатынасты жақсартуда ілгерілеушіліктің жоқтығынан көңілі қалды. Песков CNN-геғ берген сұхбатында Трамп өткен жылы сайлауалды кампаниясында Ресеймен ынтымақтастықты дұрыстағысы келетінін мәлімдегенін айтты. "Өкінішке орай, бұл диалогтың қашан басталатынын білмейміз" деді Кремльдің баспасөз хатшысы. 13 наурыз 2017, 09:30 2 588 рет қаралды
Ыстанбұлда апатқа ұшыраған тікұшақтың бортында төрт ресейлік болған   Әлемде

Ыстанбұлда апатқа ұшыраған тікұшақтың бортында төрт ресейлік болған

Ыстанбұлда апатқа ұшыраған тікұшақтың бортында төрт ресейлік болған. Бұл туралы ТАСС тілшісі тікұшақ жолаушылары қонақтары болған "Эджзаджибаши груп" компаниясы баспасөз қызметінің өкіліне сілтеме жасап хабарлайды.  10 наурыз 2017, 17:03 2 991 рет қаралды
Трамптың жаңа жарлығына қарсы шараға жаңа штаттар қосылды Әлемде

Трамптың жаңа жарлығына қарсы шараға жаңа штаттар қосылды

АҚШ-та президент Дональд Трамптың босқындардың және мұсылмандар басым тұратын алты ел азаматтарының елге кіруін шектеу туралы жаңа жарлығына қарсы күреске жаңадан штаттар қосыла бастады. 8 наурызда Трамптың жарлығына қарсы Гавайи штаты шағым берген еді. 9 наурызда Вашингтон штаты федералдық судья Джеймс Робартске жаңа жарлықтың да күшін тоқтатуды сұрап қайырылғанын мәлімеді. Судья Робертс Трамптың 27 қаңтарда шығарған миграцияны шектейтін алғашқы жарлығының да күшін тоқтату туралы шешім шығарған. 10 наурыз 2017, 10:45 1 986 рет қаралды
БҰҰ КХДР-дың баллистикалық зымыранды ұшыруын айыптады  Әлемде

БҰҰ КХДР-дың баллистикалық зымыранды ұшыруын айыптады

ҚР делегациясы Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ штаб-пәтерінде Корей Халық Демократиялық Республикасының (КХДР) 2017 жылғы 6 наурызда төрт баллистикалық зымыран ұшыруына байланысты өткен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төтенше отырысына қатысты, деп хабарлайды Baq.kz. 10 наурыз 2017, 10:28 2 843 рет қаралды
Оңтүстік Корея президенті қызметінен түпкілікті шеттетілді Әлемде

Оңтүстік Корея президенті қызметінен түпкілікті шеттетілді

Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты 10 наурызда ресми түрде Пак Кын Хенің президенттік өкілеттілігін тоқтату туралы шешім шығарды. Пак Кын Хеге бұған дейін парламент оның қызметіндегі коррупциялық жанжалға қатысты импичмент жариялаған. Пак Кын Хе осылайша Оңтүстік Кореяның қызметінен кетірілген демократиялық жолмен сайланған алғашқы президенті атанды. 10 наурыз 2017, 10:22 3 172 рет қаралды
Берлин: Калининградтағы зымырандар Еуропа қауіпсіздігіне қатер төндіреді Әлемде

Берлин: Калининградтағы зымырандар Еуропа қауіпсіздігіне қатер төндіреді

Мәскеудің Ресейдің Балтық теңізіндегі анклавы Калининградқа "Искандер" змырандарын тұрақты орнату туралы шешімі Еуропа қауіпсіздігі мәселесінде кері кетуді білдіреді деп мәлімдеді Германия сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль "Интерфакс" агенттігіне берген сұхбатында. 9 наурыз 2017, 14:28 2 110 рет қаралды
АҚШ: Бағдади Мосулдан кетіп, шөлде жасырынып жүрген болуы мүмкін Әлемде

АҚШ: Бағдади Мосулдан кетіп, шөлде жасырынып жүрген болуы мүмкін

"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының жетекшісі Абу Бакр әл-Бағдади Мосулдағы тұрып жатқан базасынан қашып кетіп, артына қаланы бақылауға алу үшін соғысуға деңгейі төмен содырларды қалдырып кеткен деп хабарлады 8 наурызда АҚш және Ирак әскери шенеуніктері. 9 наурыз 2017, 12:09 2 372 рет қаралды
Кабулдегі әскери ауруханаға жасалған шабуыл құрбандары 30 адамға жетті Әлемде

Кабулдегі әскери ауруханаға жасалған шабуыл құрбандары 30 адамға жетті

Ауғанстан қорғаныс миинстрлігі 8 наурызда Кабулдағы әскери ауруханаға жасалған шабуылдан қаза тапқандар саны 30 адамға, жараланғандар 50 адамға жеткенін мәлімдеді. Шабуылды ауруханаға дәрігер киімін киіп кірген адамдар жасаған. Шабуыл жасапкершілігін "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы мойнына алды. Құрбандар арасында дәрігерлер, науқастар мен медициналық қызметкерлер бар. 9 наурыз 2017, 09:30 2 619 рет қаралды