Мексика билігі Халиско штатындағы Окотлон қаласының барлық полицейін қарусыздандырып, ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости штаттың полиция күш бірыңғай қолбасшылығына сілтеме жасап.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, қарусыздандыруға қала полициясының қатарына қылмыстық элементтердің еніп кетуі мүмкін деген күдік себеп болған. Алайда бұл әлі расталмаған. Прокуратураның мәліметінше, Окотландағы тәртіпті бақылау әзірше Халиско билігіне қарасты полиция күш құрылымдарына жүктелген. Ұсталған полицейлер Гвадалахараға жеткізіліп, толық тексеріс жүргізіледі. Оның қорытындысы бойынша тәртіп сақшыларының ендігі тағдыры белгілі болады.
Дереккөз: Tengrinews.kz