Бірінші министр Никола Стердженнің айтуынша, мемлекет Лондоннан тиісті рұқсат алуға ниетті. Алайда алдымен оны Шотландия парламенті мақұлдауы тиіс. Егер Лондон қарсылық танытпаса, саяси шара келесі жылдың күзі мен 2019 жылдың көктемі аралығына жоспарлануы ықтимал.
Айта кеткен жөн, былтыр жазда Ұлыбританияда референдум өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша халықтың көбі Еуроодақтан шығу үшін дауыс берген. Алайда бұл саяси шара кезінде шотландиялықтардың 62%-ы одақ құрамында қалуды қолдаған еді.
Дереккөз: 24 Хабар