Атырау, 27 қараша 23:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

АҚШ: Бағдади Мосулдан кетіп, шөлде жасырынып жүрген болуы мүмкін

2 209 просмотра

"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының жетекшісі Абу Бакр әл-Бағдади Мосулдағы тұрып жатқан базасынан қашып кетіп, артына қаланы бақылауға алу үшін соғысуға деңгейі төмен содырларды қалдырып кеткен деп хабарлады 8 наурызда АҚш және Ирак әскери шенеуніктері.

Олар 2014 жылы жазда Мосул қаласына бақылау орнатқан соң өзін "халифат" басшысы деп жариялаған Бағдадидің бас амандығын ғана ойлап, шөлде бас сауғалап жүр дейді.

Бірақ бұл мәліметті дербес ақпарат көзінен растау әзірге мүмкін болмай тұр. АҚШ пен Ирак шенеуніктері соңғы кездері ИМ-нің ішкі байланысы әлсіреп, Telegram, Twitter және басқа да әлеуметтік желілердегі белсенділігінің жоғала бастауы Бағдадидің содырлар бір кездері ең көп орналасқан аймақтан кетіп қалды деген болжам жасауға негіз бола алады дейді.

ИМ бұған дейін Ирактың 100 мыңдық әскері қаңтарда Мосулдың шығыс бөлігін қайтарып алғанына қатысты комментарий бермеген. Мосул үшін шайқас басталған өткен жылғы қарашаның басынан бері Бағдадидің даусы жазылған аудио жазба да таралмаған.

Бірақ Бағдади бұрын да өзін аңдуға мүмкіндік беретін коммуникациялық құралдарды сирек пайдаланып, қолға түспейтін.

Дереккөз: Азаттық

9 наурыз 2017, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.