Атырау, 8 желтоқсан 17:00
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

"Барса" Чемпиондар лигасының ширек финалына өтті

2 333 рет қаралды

АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Испан футбол клубы "Барселона" сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні өткен матчта жіберіп алған төрт голдың қарымтасын қайтарып, ширек финалға жолдама алды. 


Чемпиондар лигасының 1/8 финалында үш апта бұрын Парижде өткен матчта "Барса" ПСЖ-дан 0:4 есебімен ойсырай жеңілген болатын. Ал сәренбіден бейсенбіге қараған түні Барселона ойыншылары барын салып ойынды 6:1 есебімен жеңіп шықты. Сөйтіп, жалпы есеп 6:5 болып, "Барса" ширек финалға шығуға мүмкіндік алды. Испан клубының бапкері Луис Энерике жазда команда жетекшілігінен кетуді жоспарлап отыр. 

Дереккөз: Sputnik

9 наурыз 2017, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.