Атырау, 8 қазан 17:29
 дождьВ Атырау +23.2
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

Әлемде

Мехрибан Әлиева Әзербайжанның бірінші вице-президенті болды Әлемде

Мехрибан Әлиева Әзербайжанның бірінші вице-президенті болды

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев әйелі Мехрибан Әлиеваны елдің бірінші вице-президенті етіп тағайындады. Азаттықтың Әзербайжан редакциясының хабарлауынша, бұл туралы ақпаратты бүгін президенттің баспасөз қызметі таратты. 21 ақпан 2017, 14:47 2 261 рет қаралды
Кремль украин депутатының "бейбіт жоспарын" жоққа шығарды Әлемде

Кремль украин депутатының "бейбіт жоспарын" жоққа шығарды

Кремль Украинаның ресейшіл депутаты Андрей Артеменко даярлап, Ақ үйге ұсынған Украина бойынша бейбіт жоспардан мүлдем хабарсыз екенін білдіріп, Қырым мәселесін реттеуге арналған құжатты «абсурд» деп атады. 21 ақпан 2017, 11:14 1 769 рет қаралды
Месси "Барселона" басшылығынан үш ойыншыны сатып жіберуді талап етті Әлемде

Месси "Барселона" басшылығынан үш ойыншыны сатып жіберуді талап етті

Каталониялық "Барселона" клубының шабуылшысы Лионель Месси клуб басшыларынан Люк Динь, Жереми Матье және Андре Гомешті сатып жіберуді талап етті., - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі DonBalon басылымына сілтеме жасап. 21 ақпан 2017, 10:00 2 140 рет қаралды
Париж бен Берлин Ресейдің сепаратистер төлқұжатын мойындауын сынады Әлемде

Париж бен Берлин Ресейдің сепаратистер төлқұжатын мойындауын сынады

Франция мен Германия Мәскеудің Украинаның шығысындағы сепаратистер берген паспортты мойындауын сынады. Екі ел сыртқы істер министрліктері мұны "Донбастағы бейбіт процесті бұзады" деп санайды. 21 ақпан 2017, 09:55 1 957 рет қаралды
Стокгольмде тәртіпсіздік кезінде полиция оқ атты - БАҚ  Әлемде

Стокгольмде тәртіпсіздік кезінде полиция оқ атты - БАҚ

Дүйсенбі күні кешке Стокгольмнің босқындар шоғырланған Ринкебю шағын ауданында белгісіз біреулер көліктерді өртеп, жергілікті дүкендерге ұрлыққа түсті, деп жазады Риа Новости агенттігіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.   21 ақпан 2017, 09:50 2 391 рет қаралды
АҚШ пен Ресей - әлемдегі қару-жарақты ең көп экспорттаушы елдер Әлемде

АҚШ пен Ресей - әлемдегі қару-жарақты ең көп экспорттаушы елдер

АҚШ пен Ресей соңғы бес жылда әлемде ең ірі қару-жарақ экспорттаушы елдер атанды. Швецияның SIPRI зерттеу институтының мәліметінше, соңғы жылдары қару-жараққа деген сұраныс Таяу Шығыс аймағында артқан. Институт 2012-2016 жылдары әлемдегі қару-жарақ экспортының 33 пайызы АҚШ-тың үлесіне, 23 пайызы Ресейдің үлесіне тигенін айтады. АҚШ-тың экспорт көрсеткіші 2011 жылдан бері 21 пайызға артқан. АҚШ экспорттаған қару-жарағының жартысына жуығы Таяу Шығысқа жеткізілген. 20 ақпан 2017, 11:10 3 718 рет қаралды
Гитлердің «қанды» қызыл телефоны 243 мың долларға сатылды Әлемде

Гитлердің «қанды» қызыл телефоны 243 мың долларға сатылды

АҚШ-та өткен аукционда Адольф Гитлердің жеке телефоны 243 мың долларға сатылды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне аукцион үйінің ресми өкілі Андреас Корнфилд хабарлады, деп жазады Baq.kz. 20 ақпан 2017, 09:43 2 877 рет қаралды
Киевте демонстрацияға қатысқандар полициямен қақтығысты Әлемде

Киевте демонстрацияға қатысқандар полициямен қақтығысты

Киевте Украинаның ресейшіл сепаратистер бақылауындағы шығыс аудандарын блокадаға алуды қолдайтын демонстрацияға қатысқан ұлтшылдар мен басқа да адамдар полициямен қақтығысты. Өткен айда еріктілер батальоны Донбастағы сепаратистерден көмір сатып алуға кедергі келтіру мақсатымен Донецк және Луганск облыстарымен арадағы теміржол байланысын тоқтата бастаған. Бұл елдің басқа аудандарында отын мен электр қуатының тапшылығына әкеліп соқтырған. 20 ақпан 2017, 09:37 1 976 рет қаралды
АҚШ Мәскеудің "ДХР" мен "ЛХР" құжаттарын мойындау жайлы шешімін сынады Әлемде

АҚШ Мәскеудің "ДХР" мен "ЛХР" құжаттарын мойындау жайлы шешімін сынады

Киевтегі АҚШ елшілігі Украинаның Донецк және Луганск облыстарының жекелеген аудандары тұрғындарына сол аймақтардағы ресейшіл сепаратистер берген құжаттарды Ресейде уақытша заңды деп тану туралы Мәскеудің қабылдаған шешімін жанжалды реттеу жөніндегі Минск келісіміне қайшы деп мәлімдеді. Мұндай мәлімдемені америкалық елшілік бүгін Twitter әлеуметтік желісінде жариялады. Сонымен бірге АҚШ елшілігі жанжал аймағында атысты тоқтатуды қамтамасыз ету мақсатында Ресей мен сепаратистерді ауыр қару түрлерін қарсылас тараптар арасын бөліп тұрған сызық бойынан алып кетуге шақырған 20 ақпан 2017, 09:21 2 706 рет қаралды
Samsung компаниясы вице-президенті тұтқындалды Әлемде

Samsung компаниясы вице-президенті тұтқындалды

Оңтүстік Корея соты Samsung компаниясының вице-президенті Ли Чжи Енді «36 миллион доллардан аса қаржыны жымқыруға және пара беруге» күдікті ретінде тұтқындаған. Бұл туралы сол елдегі Yonhap ақпарат агенттігі хабарлады. 17 ақпан 2017, 14:49 2 292 рет қаралды
АҚШ-та «Мигрантсыз бір күн» наразылық акциясы өтіп жатыр  Әлемде

АҚШ-та «Мигрантсыз бір күн» наразылық акциясы өтіп жатыр

АҚШ қалаларында жүзден астам мейрамханалар мен ондаған компаниялар президент Дональд Трамптың мигранттарға қатысты саясатына наразылық акциясы аясында бір күнге жабылып қалды. 17 ақпан 2017, 10:38 1 953 рет қаралды
ЕҚЫҰ: Донбаста тараптар ауыр қару-жарақты әкетуге уағдаласты Әлемде

ЕҚЫҰ: Донбаста тараптар ауыр қару-жарақты әкетуге уағдаласты

ЕҚЫҰ-ның Донбасс бойынша арнайы өкілі Мартин Сайдик Украина шығысында үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистер Минск бейбіт келісімінің талабы бойынша 20 ақпанға дейін майдан шебінен ауыр қару-жарақтарын әкетуге уағдаласқанын мәлімдеді. Сайдиктің хабарлауынша, Украина, Ресей мен Мәскеу қолдайтын сепаратистер бұл туралы Минскіде өткен келіссөзде келіскен. 16 ақпан 2017, 14:46 2 601 рет қаралды
Ташкент Украинадан Каримовтың туысын экстрадициялауды сұрады Әлемде

Ташкент Украинадан Каримовтың туысын экстрадициялауды сұрады

Өзбекстан билігі Украинадан бұрынғы президент Ислам Каримовтың әйелінің жиені Акбарали Абдуллаевты экстрадициялауды сұрады деп хабарлайды Азаттықтың Өзбек редакциясы. Украина бас прокуратурасы қызметкерінің Өзбек редакциясына хабарлауынша, ақпанның басында Өзбекстан бас прокуратурасы Украинаға 33 жастағы Абдуллаевты қайтаруды сұрап өтініш берген. Бұл ақпаратты Өзбекстан бас прокуратурасы да растады. 16 ақпан 2017, 10:22 1 924 рет қаралды
БАҚ: Ресей елшісінің өліміне қатысты жаңа күдікті ұсталды Әлемде

БАҚ: Ресей елшісінің өліміне қатысты жаңа күдікті ұсталды

Түркиялық ақпарат құралдары Ресейдің Түркиядағы елшісінің өліміне қатысты іс бойынша жаңа күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Мемлекеттік Anadolu агенттігінің полициядағы құпия дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, күдікті 15 ақпанда Анкарада ұсталған. Ол 2016 жылы 19 желтоқсанда Анкарада өнер көрмесінде Ресей елшісі Андрей Карловты атып өлтірген Мевлют Мерт Алтынташпен телефонмен сөйлесті деген күдікке ілінген. 16 ақпан 2017, 10:03 1 936 рет қаралды
Атамбаев: Қырғызстанда президент сайлауы 19 қарашада өтеді Әлемде

Атамбаев: Қырғызстанда президент сайлауы 19 қарашада өтеді

Қырғызстанда президент сайлауы конституциялық заңдарға сай қарашаның үшінші жексенбісінде - 2017 жылғы қарашаның 19-ында өтуі тиіс. Бұл туралы бүгін Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссия төрағасы Нұржан Шайлдабековамен кездесуінде айтты. 15 ақпан 2017, 15:11 2 895 рет қаралды
Ақ үй: Трамп Ресейге Қырымды қайтаруы тиіс екенін айқын ұқтырды Әлемде

Ақ үй: Трамп Ресейге Қырымды қайтаруы тиіс екенін айқын ұқтырды

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей үкіметі аннексиялап алған Қырымды қайтарып, Украинаның шығысындағы сепаратистерді қолдаудан бас тартуы тиіс екенін айқын білдірді деп мәлімдеді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Шон Спайсер. Оның сөзіне қарағанда, Трамптың Мәскеуге қатысты ұстанымы "тым қатқыл". Дегенмен ол Трамп Ресеймен қарым-қатынасты жақсартуға болады деп үміттенетінін айтты,- деп хабарлады Азаттық. 15 ақпан 2017, 10:54 2 003 рет қаралды
Ким Чон Намды инемен улап өлтірді деген екі әйел тыңшы болып шықты - БАҚ  Әлемде

Ким Чон Намды инемен улап өлтірді деген екі әйел тыңшы болып шықты - БАҚ

Малайзия әуежайында Ким Чон Намды өлтірді деген әйелдердің өздері де қазір тірі болмауы мүмкін. Алдын ала болжам бойынша ҚХДР басшысы Ким Чен Ынның ағасына шабуыл жасаған әйелдер тыңшы болған, - деп хабарлайды Life.ru- ке сілтеме жасаған Tengrinews.kz. 15 ақпан 2017, 10:45 2 336 рет қаралды
Мемлекеттік дума басшысы: Ресей президентін қорғайтын заң керек Әлемде

Мемлекеттік дума басшысы: Ресей президентін қорғайтын заң керек

Ресей Мемлекеттік думасының төрағасы Владимир Володин Ресейге президенттің абыройы мен қадыр-қасиетін қорғайтын заң керегін мәлімдеді деп хабарлайды Азаттықтың Орыс редакциясы. Володин бұл жөнінде Татарстандағы "Иннополис" университтінде студенттердің бірінің президент Владимир Путинге "ақпараттық соққы" жасалып жатқаны туралы сауалына жауап ретінде айтты. 14 ақпан 2017, 17:24 3 553 рет қаралды
Түркия парламенттік басқару жүйесінен президенттік билікке ауысуға дайындық үстінде  Әлемде

Түркия парламенттік басқару жүйесінен президенттік билікке ауысуға дайындық үстінде

Түркияда басқару жүйесін өзгертуді ұсынатын конституциялық реформа бойынша жалпыхалықтық референдум сәуір айының 16-сы күні өтеді. Алайда қазірдің өзінде елдегі барлық саяси партия мен қоғамдық ұйым мемлекеттік маңызы зор ауқымды шараға білек түріп кірісіп кетті. Конституцияға қандай өзгерістер енгізілмек және оған деген жергілікті халықтың пікірі қандай?  14 ақпан 2017, 11:11 4 594 рет қаралды
HRW: Пәкістан мыңдаған ауған босқынын еліне қайтуға мәжбүрлеп отыр Әлемде

HRW: Пәкістан мыңдаған ауған босқынын еліне қайтуға мәжбүрлеп отыр

Пәкістан мыңдаған ауған босқынын зорлық-зомбылық пен кедейліктен қажыған Ауғанстанға оралуға мәжбүрлеп жатыр деп мәлімдеді Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы. "Мұны қазіргі кезде әлемдегі босқындарды еліне қайтуға заңсыз мәжбүрлеудің ең үлкен оқиғасы деп атауға болады" дейді ұйым 13 ақпанда жариялаған баяндамасында. 14 ақпан 2017, 11:02 1 633 рет қаралды