Егер клуб басшылары Мессидің бұл талабын орындамаса, шабуылшы келісімшартты ұзартудан бас тартады екен. Өйткені бұл үш футболшы клубтың стильіне сай келмейді-мыс.
Айта кетейік, Динь мен Гомеш "Барселона" сапына 2016 жылдың жазында келіп қосылған еді. Ал Матье 2015 жылдан бері клубта ойнап келе жатыр.
Мессидің 2018 жылдың жазына дейін "Барселонамен" келісімшарты бар. Каталониялық клуб 29 жастағы аргентиналық шабуылшыға жаңа келісімшарт ұсынып отыр. Бірақ ол әлі нақты жауабын берген жоқ. Егер Месси клубтың жаңа келісімшартын қабылдайтын болса, әлемдегі еңбекақысы ең жоғары футболшы атанады.
Дереккөз: Vesti.kz