Атырау, 27 қараша 21:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Гитлердің «қанды» қызыл телефоны 243 мың долларға сатылды

2 547 просмотра

АҚШ-та өткен аукционда Адольф Гитлердің жеке телефоны 243 мың долларға сатылды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне аукцион үйінің ресми өкілі Андреас Корнфилд хабарлады, деп жазады Baq.kz.

Гитлер бұрықтарын беріп отырған аппараттың жаңа иесінің есімі құпия сақталған.

Лоттың құндылық бағасы 200-300 мың доллар шамасында болды. Аукционға шығарушылар аппаратты көрген жұрт фашизмнің соңы неге алып келетінін ұмытпасын деген мақсатпен қандайда бір музей сатып алса екен деп үміттенген еді.

Телефон Адольф Гитлердің Берлиндегі бункерінде тұрған және Екінші Дүниежүзілік соғыстың соңғы екі жылында байланыс құралы ретінде пайдаланылған. Ол қара бакелиттен жасалған, қызыл түске боялып, свастикамен және Гитлердің есімімен безендірілген.

1945 жылдың мамырында ұлтшыл Германия беріліп, Гитлер өз-өзіне қол жұмсағаннан кейін кеңестік әскер құралды байланыс саласындағы британ офицері Ральф Рейнерге табыстайды. Ол 1977 жылы қайтыс болған соң телефон ұлы Рейнульфқа мұра боп қалған.

Дереккөз: Baq.kz

20 ақпан 2017, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.