Атырау, 27 қараша 21:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Пәкістанның әйгілі кесенесінде болған жарылысты ДАИШ өз мойнына алды

2 285 просмотра

Фото: Global Look Press

Пәкістанның оңтүстігіндегі Сехван-Шариф қаласында лаңкестік әрекеттен 50-ге жуық адам қаза тапты. Тағы 100-ден астамы жараланған. 

Теракт шаһардағы ақын, философ Лал Шахбаз Каландар кесенесінде болған. Полицияның мәлімдеуінше, жанкешті кесенеде ақынды пір тұтушылар жиналып дәстүрлі салт-жоралғы өткізіп жатқан кезде шабуылдаған. Алдымен кесенедегі халыққа граната лақтырған. Бірақ ол жарылмай, жанкешті іле-шала беліне байлаған жарылғышты іске қосқан. Шабуылды «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» мойнына алды.

Дереккөз: 24.kz

17 ақпан 2017, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.