Атырау, 27 қараша 21:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

ЕҚЫҰ: Донбаста тараптар ауыр қару-жарақты әкетуге уағдаласты

2 341 просмотра

Фото: ТАСС
ЕҚЫҰ-ның Донбасс бойынша арнайы өкілі Мартин Сайдик Украина шығысында үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистер Минск бейбіт келісімінің талабы бойынша 20 ақпанға дейін майдан шебінен ауыр қару-жарақтарын әкетуге уағдаласқанын мәлімдеді. Сайдиктің хабарлауынша, Украина, Ресей мен Мәскеу қолдайтын сепаратистер бұл туралы Минскіде өткен келіссөзде келіскен.

Келісім осы айдың басында Авдеевка қаласының маңында кескілескен ұрыстар болып, ондаған адам қаза тапқан соң жасалып отыр.

2015 жылы Минскіде жасалған бейбіт келісім бойынша, соғысушы тараптар майдан шебінде буферлік аймақ құру үшін ауыр қару-жарақтарын алып кетуі тиіс болған. Бірақ содан бері Минск келісімі әлденеше рет бұзылып, оны саяси жолмен реттеу ісінде ілгерілеу болмады.

2014 жылы көктемде басталған соғыстан 9750-ден астам адам қаза тапты.

Дереккөз: Азаттық

16 ақпан 2017, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.