Атырау, 15 қазан 01:19
 ашықВ Атырау +9
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Ашхабадта Түркіменстан президентін ұлықтау рәсімі өтіп жатыр

2 117 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Ашхабадта Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовті ұлықтау рәсімі  басталды, деп хабарлады РИА Новости. 

Түркіменстанның қазіргі басшысы Бердімұхамедов өткен жексенбіде 97,69% дауыспен ел президенті сайлауында жеңіске жетті. Бұл оның үшінші президенттік мерзімі. 2016 жылы қабыданған жаңа Конституцияға сәйкес, ол бұл лауазымда жеті жыл болады. Бұған дейін Түркіменстан президенті бес жылға сайланып келді. Инаугурациядан кейін Бердімұхамедовтің Түркіменстан халқына арнап сөз сөйлеуі және үкіметтің отставкасын қабылдауы күтіледі. Елдің заңына сәйкес, сайланған президент ұлықтау рәсімінен кейін бір ай ішінде жаңа министрлер кабинетін жасақтауы тиіс.

Бердімұхамедов  59 жаста. Дипломы бойынша - медик, медицина ғылымдарының докторы, экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежелеріне ие, Түркіменстан Ғылым академиясының академигі. Бос уақытында спортпен айналысып, атпен жүреді.  Бірқатар ғылыми, әдеби кітаптардың авторы. Орыс, неміс тілдерін біледі. Үйленген, ұлы, екі қызы бар.

Дереккөз: ҚазАқпарат


17 ақпан 2017, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.