Атырау, 15 қазан 01:23
 ашықВ Атырау +9
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

АҚШ-та «Мигрантсыз бір күн» наразылық акциясы өтіп жатыр

1 615 просмотра

АҚШ қалаларында жүзден астам мейрамханалар мен ондаған компаниялар президент Дональд Трамптың мигранттарға қатысты саясатына наразылық акциясы аясында бір күнге жабылып қалды.

centralasian.org-тың хабарлауынша, «Мигрантсыз бір күн» акциясын ұйымдастырушылар осы арқылы мигранттарлың америкалық экономика мен өмір салты үшін қаншалықты маңызды екенін көрсеткісі келеді.

Шерулер Вашингтон, Филадельфия, Бостон, Хьюстон, Чикаго және Нью-Йоркте өтті. Наразылық акциялары әлеуметтік желілер арқылы да жүргізілді. Халық Трамптың жеті мұсылман елінің азаматтарына елге кіруге тыйым салуы жөніндегі жарлығына наразы. Бұл жарлықты федералдық сот уақытша тоқтатып тастады.

16 ақпанда АҚШ президенті мұндай жарлықтың жаңасын келесі аптада тағы жариялайтынын мәлімдеді. Полиция тексерулері кезінде елде 680-нен астам заңсыз мигрант ұсталған.

Дереккөз: Baq.kz

17 ақпан 2017, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.