Атырау, 18 маусым 03:09
 дождьВ Атырау +23.2
$ 489.39
€ 567.50
₽ 6.69

Әлемде

Әлемдік биржаларда индекстер төмендей бастады Әлемде

Әлемдік биржаларда индекстер төмендей бастады

АҚШ президенті сайлауында республикашыл кандидат Дональд Трамптың демократ Хиллари Клинтоннан басымдығы айқындала бастағанда әлемдік қор нарықтарында индекстер мен доллар бағамы төмендей түсті,- деп хабарлады Азаттық. 9 қараша 2016, 10:57 1 854 рет қаралды
АҚШ сайлауы: Трамп тағы бірнеше штатта жеңді Әлемде

АҚШ сайлауы: Трамп тағы бірнеше штатта жеңді

АҚШ-тағы сайлауда тағы бірнеше штатта дауыс берудің қорытындысы шыға бастады. Соңғы мәліметтер бойынша, республикашыл Дональд Трамп сайлаушылар саны көп Техас штатында және бұған дейін қарсыласы Хиллари Клинтон бірінші ханым болған Арканзас штатында жеңді. Монтана және Вайоминг штаттарында да Трамп жеңді. Ал Клинтон Нью-Йорк және Иллинойс штаттарында және солтүстік-шығыс штаттардың біразында жеңгенімен, сайлаушылар алқасында әзірге жеткілікті дауыс жинай алмай тұр,- деп хабарлады Азаттық. 9 қараша 2016, 10:37 2 164 рет қаралды
Ресей Түркиямен әскери ынтымақтастықты жандандыратынын мәлімдеді Әлемде

Ресей Түркиямен әскери ынтымақтастықты жандандыратынын мәлімдеді

Ресей билігі өкілдерінің мәлімдеуінше, Ресей мен Түркия әскери ынтымақтастықты қайта жандандырады және жылдың соңына дейін үкіметаралық комиссия кездесуін өткізуді жоспарлап отыр. Ресейдің Федералдық әскери-техникалық ынтымақтастық қызметінің басшысы Александр Фомин 7 қарашада кездесудің мерзімі мен өтетін жері талқыланып жатқанын мәлімдеді. Ол комиссия сонымен қатар Түркияға Ресейде шығарылған әуе шабуылынан қорғаныс жүйесін орнату жайын талқылауы да мүмкін екенін айтты,- деп хабарлады Азаттық. 8 қараша 2016, 11:01 2 105 рет қаралды
Күрд жасақтары Мосул түбіндегі қалаға кірді Әлемде

Күрд жасақтары Мосул түбіндегі қалаға кірді

Иракта күрдтердің әскериленген Пешмерга жасақтары "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының бақылауында тұрған Мосулдың солтүстік-шығысындағы Башика қаласына кірді,- деп хабарлады Азаттық. 8 қараша 2016, 10:04 1 827 рет қаралды
АҚШ-тағы бұл сайлаудың ерекшелігі жоғары «антирейтингінде» - сарапшы  Әлемде

АҚШ-тағы бұл сайлаудың ерекшелігі жоғары «антирейтингінде» - сарапшы

«Глобалстратеджи групп» институтының басшысы Джеффри Полак қазіргі президенттік науқанның екі негізгі үміткерінің «антирейтингі» жоғары деп санайды. Бұл туралы ҚазАқпараттың АҚШ-тағы тілшісі хабарлайды. 8 қараша 2016, 10:00 2 244 рет қаралды
БҰҰ: Кундуздағы әуе шабуылын тексеріп жатырмыз Әлемде

БҰҰ: Кундуздағы әуе шабуылын тексеріп жатырмыз

БҰҰ Ауғанстанның солтүстігінде америкалық әскери ұшақтардың шабуылынан ондаған бейбіт тұрғынның қаза болуы оқиғасын тексеріп жатқанын хабарлады. БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдемдесу миссиясының (UNAMA) мәліметінше, Кундуздың Буз-е-Кандахари ауданында әуе шабуылынан 32 бейбіт тұрғын қаза тауып, 19-ы жараланған. Зардап шеккендердің көпшілігі әйелдер мен балалар,- деп хабарлады Азаттық. 7 қараша 2016, 16:57 2 240 рет қаралды
Черногория "орыс ұлтшылдарының төңкеріс жасамақ болғанын" мәлімдеді Әлемде

Черногория "орыс ұлтшылдарының төңкеріс жасамақ болғанын" мәлімдеді

Черногория билігі тергеу мәліметтері бойынша, елде мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған, оның ішінде НАТО-ға қосылуды жақтайтын батысшыл басшыны өлтіру жоспарына "орыс ұлтшылдарының" қатысы барын мәлімдеді. Черногория арнайы бас прокуроры Миливойе Катничтің сөзіне қарағанда, прокурорлар "Ресейден шыққан ұлтшылдар" 16 қазан - елде парламент сайлауы өтетін күні парламентке басып кіріп, премьер-министр Мило Джукановичті өлтіруді ойластырған қылмыстық топ құрған деп тұжырған,- деп хабарлайды Азаттық. 7 қараша 2016, 11:21 1 750 рет қаралды
Сириялық оппозиция Раккаға шабуыл басталғанын жариялады Әлемде

Сириялық оппозиция Раккаға шабуыл басталғанын жариялады

"Демократиялық Сирия күштері бүлікшіл отряды сириялық Ракка қаласына шабуыл басталғанын хабарлады. Ракка - "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы қолбасшылығының орталығына айналды,- Baq.kz. 7 қараша 2016, 10:54 1 762 рет қаралды
FBI Хиллари Клинтонға айып тақпайды Әлемде

FBI Хиллари Клинтонға айып тақпайды

АҚШ Федералдық тергеу бюросының (немесе FBI) директоры Джеймс Коми конгресте таяуда Демократиялық партияның жаңадан электрондық хаттары жариялануына байланысты жүргізілген тергеу ведомствоның шілдеде Хиллари Клинтонға қатысты білдірген ұстанымын өзгертпеді деп мәлімдеді. FBI Демократиялық партияның президенттікке кандидаты Хиллари Клинтонға мемлекеттік хатшы болып тұрғанында жеке электрондық поштасын қолданғаны үшін айып тағу қажет деп санамайды,- деп хабарлады Азаттық. 7 қараша 2016, 10:33 1 517 рет қаралды
Мәскеуде ұлтшылдар "Орыс маршын" өткізіп жатыр Әлемде

Мәскеуде ұлтшылдар "Орыс маршын" өткізіп жатыр

Мәскеудің орталық Люблино ауданында бүгін - Ресейде Ұлттық бірлік күні аясында ұлтшылдар "Орыс маршы" шеруін өткізіп жатыр. Акция басталатын кезде Перерва көшесіне 500-ден астам адам жиналды,- деп хабарлады Азаттық. 4 қараша 2016, 16:07 2 203 рет қаралды
Стамбулда білім саласындағы қуғынға наразылық танытты Әлемде

Стамбулда білім саласындағы қуғынға наразылық танытты

Стамбулда 3 қарашада жүздеген адам Түркияда мемлекеттік бүліктен соң білім беру саласындағы қызметкерлерге басталған қысым мен қуғынға қарсылық акциясын өткізді. Профессорлар, студенттер мен өзге де кәсіподақтардың мүшелері Стамбул университетінің алдында "Фашизмге қарсы бірге иық тірестіреміз" деп ұрандады,- деп хабарлады Азаттық. 4 қараша 2016, 11:00 1 580 рет қаралды
Украина мобилизациядан бас тартып, кәсіби армия құрмақ Әлемде

Украина мобилизациядан бас тартып, кәсіби армия құрмақ

Украина 2014 жылы елдің шығысында қарулы қақтығыс басталғаннан бері бірінші рет Ресей қолдайтын сепаратистермен соғысатын сарбаздарды мобилизацияламайтын болды. Бұл туралы 2 қарашада Украина президенті Петр Порошенко мәлімдеді. Оның мәлімдемесі Киевтің НАТО талаптарына сай келетін кәсіби армия құруға кіріскенін байқатады,- деп хабарлады Азаттық. 3 қараша 2016, 11:22 2 324 рет қаралды
Бағдади ИМ содырларын Мосулдан шегінбеуге шақырды Әлемде

Бағдади ИМ содырларын Мосулдан шегінбеуге шақырды

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының басшысы Абу Бакр әл-Бағдади содырларын Мосулға шабуылдап жатқан Ирак әскеріне қарсылық көрсетуге және берілмеуге шақырды. Бағдади екі жыл бұрын Мосулда "халифат" орнағанын жариялаған,- деп хабарлады Азаттық. 3 қараша 2016, 10:21 1 648 рет қаралды
Қырғыз парламенті референдум туралы заң жобасын мақұлдады Әлемде

Қырғыз парламенті референдум туралы заң жобасын мақұлдады

Қырғызстан парламентінің депутаттары ел конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізу туралы заң жобасын үшінші әрі соңғы оқылымында мақұлдады. Заң жобасын 89 депутат қолдап, 16 депутат қарсы дауыс берді,- деп хабарлады Азаттық. 2 қараша 2016, 16:19 3 351 рет қаралды
Бинали Йылдырым: Өлім жазасын қалпына келтіруді ойластырамыз Әлемде

Бинали Йылдырым: Өлім жазасын қалпына келтіруді ойластырамыз

Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырымның айтуына қарағанда, егер саяси партиялар өлім жазасын қалпына келтіруге қатысты өзара бәтуаға келе алса, онда Анкара өлім жазасын "шектеулі түрде қалпына келтіру" мүмкіндігін қарастырады,- деп хабарлады Азаттық. 2 қараша 2016, 10:30 1 809 рет қаралды
Ирак премьері Анкараны соғысқа арандатпауға шақырды Әлемде

Ирак премьері Анкараны соғысқа арандатпауға шақырды

Ирак премьер-министрі Хайдер Абади Түркия Иракпен шекарасының Мосул қаласына жақын тұсына танктер мен артиллерия орналастырылғаннан соң Анкараны соғысқа арандатпауға шақырды,- деп хабарлады Азаттық. 2 қараша 2016, 10:22 2 650 рет қаралды
Анкара: Одақтас күштердің келесі нысанасы Ракка қаласы болуы тиіс Әлемде

Анкара: Одақтас күштердің келесі нысанасы Ракка қаласы болуы тиіс

Түркия Ирак «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымның бақылауындағы Мосулды алғаннан кейін, Анкара ИМ күштерін шекарадан ығыстырғаннан соң Сирияның Ракка қаласын ИМ-нен тазарту керек деп мәлімдеді,- Baq.kz сайты centralasian.org-қа сілтеме жасап. 2 қараша 2016, 10:16 2 400 рет қаралды
Украинадағы реформа шенеуніктер мен халықтың әл-ауқатын көрсетті Әлемде

Украинадағы реформа шенеуніктер мен халықтың әл-ауқатын көрсетті

Украинада жоғары шенді шенеуніктерге табысын декларациялауды міндеттейтін реформа саясаткерлер мен халықтың әл-ауқаты арасындағы айырмашылықтың жер мен көктей екенін көрсетті,- деп хабарлады Азаттық. 1 қараша 2016, 10:57 1 514 рет қаралды
Грузияның биліктегі партиясы парламенттегі көпшілік орынды иеленді Әлемде

Грузияның биліктегі партиясы парламенттегі көпшілік орынды иеленді

Грузияның биліктегі "Грузия арманы" партиясы 30 қазанда өткен парламент сайлауының екінші кезеңінің нәтижесінде парламенттегі көпшілік орынға ие болды. Орталық сайлау комиссиясының 31 қазанда хабарлауынша, партия парламенттегі 150 орынның 115-ін иеленген,- деп хабарлады Азаттық. 1 қараша 2016, 10:10 2 377 рет қаралды
Ресейлік үш субмарин Сирия жағалауларына бет түзеді Әлемде

Ресейлік үш субмарин Сирия жағалауларына бет түзеді

Қазіргі заманғы қанатты зымыранмен қаруланған үш ресейлік атомды сүңгуір қайығы Ресейдің әскери-теңіз флотының шұғыл тобына қосылды. "Адмирал Кузнецов" авианосеці бастаған шұғыл топ Сирия жағалауларына қарай жүзіп барады,- деп хабарлады Baq.kz. 31 қазан 2016, 11:16 1 856 рет қаралды
Йеменде әуе шабуылынан кемінде 60 адам қаза тапқаны хабарланды Әлемде

Йеменде әуе шабуылынан кемінде 60 адам қаза тапқаны хабарланды

Йеменде қарулы шиит көтерілісшілері хуситтер бақылауындағы Ходейда қаласына жасалған әуе шабуылы салдарынан кемінде 60 адам қаза тауып, ондаған жараланғаны туралы ақпарат тарады. Бұған дейін мерт болғандар саны 45 адам деп мәлімдеген,- деп хабарлады Азаттық. 31 қазан 2016, 10:38 2 781 рет қаралды