Атырау, 27 қараша 19:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ф.Олланд Д.Трамптың сынына жауап берді

2 131 просмотра

Фото: Oxu.az

«Еуропа трансатлантикалық ынтымақтастық саясатын өз құндылықтары мен мүдделеріне сәйкес жүзеге асырады. Сондықтан кәрі құрлық сыртқы кеңеске мұқтаж емес». Мұндай мәлімдемені Франция президенті Франсуа Олланд АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамптың Еуропаның миграциялық саясаты мен НАТО-ға қатысты сынына жауап ретінде айтты,- деп хабарлады 24.kz.

Сондай-ақ, Олланд: «НАТО өзінің міндеттерін орындап келе жатыр, ал ұйым оған төнген қауіптер сейілген кезде өз өзектілігін жоғалтады», - деді.

Айта кетейік, Дональд Трамп жақында британдық «Таймс» газетіне берген сұхбатында Солтүстікатлантикалық келісімшарт ұйымын қажетсіз деп танып, Германия канцлері Ангела Меркельді мигранттарға есікті айқара ашып, «үлкен қателік жасады» деп сынаған болатын.

Дереккөз: 24.kz

18 қаңтар 2017, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.