Атырау, 27 қараша 19:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Фийон: Ресейге санкция салу тиімсіз, диалог орнату керек

1 735 просмотра


Франция президенттігіне кандидат Франсуа Фийон Еуропа Одағының (ЕО) Ресейге қарсы экономикалық санкцияларының тиімсіз екенін айтып, Мәскеумен диалогқа шақырды. Фийон сонымен бірге АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Ресеймен байланыс орнатып, ЕО-ны "ойыннан шығарып тастауы мүмкін" екеніне алаңдады,- деп хабарлады Азаттық.

Берлинде Германия канцлері Ангела Меркельмен кездескен Фийон журналистермен әңгімелесті. Ол "Экономикалық санкциялардың мүлдем тиімсіз екеніне сенімдімін. Біз диалог жүргізудің жаңа тәсілдерін табуымыз керек. Мен Трамптың Мәскеумен бізге зиян тигізетіндей байланыс орнатқанын қаламаймын. Егер Трамп біздің сыртымыздан әрекет ете бастаса, онда Еуропа жапа шегеді" деді Фийон.

АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп Ресеймен қарым-қатынасты жақсартқысы келетінін бірнеше рет мәлімдеген .Сайлау кампаниясы кезінде Трамп Вашингтон 2014 жылы Украинадан Қырым түбегін аннексиялап, Украина шығысындағы сепаратистерге қолдау көрсеткені үшін салған санкцияларды алып тастау немесе жеңілдету мүмкіндігін қарастыруға уәде берген.

Франсуа Фийон - сәуір және мамыр айларында өтетін президент сайлауында жеңіске жетуден басты үміткер саналады. Ол ЕО санкциясын жеңілдету үшін Ресей белгілі бір шегіністер жасауға тиіс болады деген. Ол бұған қоса Киев Украина шығысындағы қақтығысты тоқтатуға жеткілікті күш жұмсап жатқан жоғын да айтқан.

Дереккөз: Азаттық

24 қаңтар 2017, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.