Атырау, 27 қараша 19:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Трамп Транс Тынық мұхиты серіктестігінен шығу жарлығына қол қойды

1 875 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трамп елді Транс Тынық мұхиты серіктестігінен шығару туралы жарлыққа қол қойды. Сенат АҚШ-тың бұл серіктестікке кіруін сол күйі мақұлдамағандықтан Трамптың шешімі шартты ғана саналады. Трамп келісімнен бас тартуды "америкалық еңбекшілер үшін тамаша жаңалық" деп атап, Вашингтон серіктестікке мүше елдермен, оның ішінде Австралия, Мексика, Жапония, Малайзия және Жаңа Зеландиямен екі жақты келісім жасайтынын мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық.

Германия канцлерінің орынбасары Зигмар Габриэль "АҚШ-тың Транс Тынық мұхиты серіктестігінен бас тартуы біз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады" деп мәлімдеді. Handelsblatt газетіне берген сұхбатында ол "Трамп АҚШ экономикасының Германия экономикасынан айырмашылығы - бәсекеге әрқашан қабілетті бола бермейтінін мойындайды" деді.

Ресей мемлекеттік думасының қаржы нарығы комитетінің төрағасы Анатолий Аксаков Трамптың шешімі "жақсы нышан" екенін, бұл оның "өзге елдерге қарсы емес, америка халқының мүддесіне сай әрекет ететін прагматик екенін көрсететінін" мәлімдеді.

АҚШ президенті сонымен қатар Канадамен және Мексикамен Солтүстік Америка еркін сауда аймағы туралы келіссөзді қайтадан жүргізетінін де мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл келісім - АҚШ-тағы жұмыс орындарының азаюына себеп.

23 қаңтарда Трамп ірі компнаиялардың өкілдерімен, оның ішінде SpaceX компнаиясының басшысы Элон Маскпен, Dow Chemical, Johnson & Johnson, Ford және Lockheed Martin компанияларының басшыларымен кездесті. Кездесу кезінде Трамп АҚШ-тағы жетекші бизнес жеңілдіктер алатынын, ал шетелге шығатын тауарларға шекарада кәдімгідей салық салынатынын мәлімдеді. Трамп сол күні кәсіподақтар жетекшілерімен де кездесті.

Дереккөз: Азаттық

24 қаңтар 2017, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.