Атырау, 27 қараша 19:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Сирия күрдтері Астанадағы кездесудің шешімдерін орындаудан бас тартты

1 518 просмотра

Күрдтің өзін-өзі қорғау жасақтары Астанадағы сирияаралық келіссөздер барысында қабылданатын шешімдерді ұстанбайтынын мәлім етті. Бұл туралы ұйымның мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Астанадағы конференцияның нәтижесі ретінде қабылданатын қандай да бір шешімдерді ұстануға ниетіміз жоқ...Келіссөздерге қатысушы тараптар мен жақтаушы-мемлекеттер Сириядағы ауқымды дағдарыстың бір бөлігі болып табылады және оларға сирия халқына қажетті шешімдер жетіспейді», - деп келтірді мәлімдеме мәтінін «РИА Новости» агенттігі. 

Күрдтердің пікірінше, дағдарысты шешу үшін Сирияны мекендейтін барлық ұлттар мен конфессиялар өкілдерінің қатысуымен консультациялар өткізу қажет.

Дереккөз: ҚазАқпарат

24 қаңтар 2017, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.