Алматы. 18 қаңтар.ҚазТАГ - Тегеран 23 қаңтарда Астанада өтетін сириялық шиеленісті реттеу жөніндегі келіссөздерге АҚШ-тың қатысуына қарсы, деп хабарлады Tasnim агенттігі.
«Біз АҚШ-ты шақырған жоқпыз және біз оның қатысуына қарсымыз», - деп мәлім етті агенттікке Иран СІМ басшысы Джавад Зариф.
Бұл мәлімдемені ол өзінің ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен дүйсенбі күні түнде телефонмен сөйлескеннен кейін жасаған. Екі дипломат та Астанада өтетін келіссөздер алдында Иран мен Ресейдің үйлестірілген күш салуын өтінді.
Бұдан бұрын Ресей және Түркия президенттері В.Путин және Реджеп Эрдоган ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен Астанада Сириядағы шиеленіске қатысушы тараптардың кездесуін өткізу мүмкіндігін талқылағанды. В.Путиннің айтуынша, жаңа алаң женевалық келіссөздерді толықтыруы мүмкін.
Н. Назарбаев бұл идеяны қолдай отырып, Қазақстан «Сириядағы шиеленісті бейбіт реттеуге бағытталған халықаралық күш-жігерді басынан бастап қолдайтындығын» атап өткенді. Астанада келіссөздер 23 қаңтарда, ал Женевада 8 ақпанда БҰҰ –ның Сирия бойынша арнайы уәкілі Стаффон де Мистураның қамқорлығымен өтеді деп күтілуде.
Дереккөз: ҚазТАГ