Атырау, 27 қараша 19:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қытай Ресеймен шекаралас аумақтарға құрлықаралық ракеталарын қойды - БАҚ

1 760 просмотра

"Дунфэн-41" (Dongfeng-41, DF-41) қытай құрлық аралық ракеталар бригадасының бірі Ресеймен шекаралас Хэйлунцзян елді мекенінде орналастырылған болуы мүмкін. Бұл туралы РИА Новости Гонконгтың "Пинго жибао" (Apple Daily) газеті Интернетте пайда болған кешеннің суреттеріне сілтеме жасап хабарлаған.

Қытайдың Қалық-азаттық армиясының "Дунфэн-41" ракеталары бар үш бригаданы орнататыны хабарланып отыр. Бөлімшелердің бірі Хэнань орталық провинциясындағы Синьян қаласында екен. Ракетелардың шекараға қойылу себебі айтылмайды.

Ал екінші бригада Хэйлунцзян провинциясындағы Дацин қаласында, үшіншісі Қытайдың солтүстік-батысындағы Ұйғыр ауданында орналасқан Синьцзян қаласында орнатылуы тиіс болған делінеді. Айта кетейік, "Дунфэн-41" ракетасының ұшу қашықтығы 14 мың шақырымға жетеді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

24 қаңтар 2017, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.