Атырау, 27 қараша 19:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Экс-президенті елден кеткен соң Гамбияның қазынасы бос қалған

1 758 просмотра

Гамбияның жаңа президенті Адама Барроу елдің бұрынғы президенті Яйя Джаммеден (суретте) кейін қазынада ақшаның қалмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Reuters-ке сілтеме жасаған Tengrinews.kz.

"Бізге келіп түскен мәліметтерге сүйенсек, қазынада ақша жоқ. Бұл туралы бізге айтылды. Енді міндеттерімізді атқаруға кіріскен күні бұл мәселені шешеміз", - деді Барроу.

Жаңа президенттің арнайы кеңесшісі Маи Ахмад Фаттиге сілтеме жасаған РИА Новости басылымының мәліметінше, елдің бұрынғы президенті Яйя Джамме соңғы апталардың ішінде қазынадан 11,4 миллион доллар жымқырған делінеді. Оның айтуынша, бұрынғы президент жүк тасымалдайтын ұшақпен Гамбиядағы түрлі қымбат заттарды алып кеткен, олардың ішінде көліктер бар.

2016 жылы президенттік сайлауда жеңілген Яйя Джамме билікті сайланған мемлекет басшысына беруі тиіс болған. Бірақ Яйя Джамме мұның орнына елде төтенше жағдай тәртібін орнатқан. Айта кетейік, 19 қаңтарда Гамбияның елшілігінде елдің жаңа президенті Адама Барроуды ұлықтау рәсімі өткен еді.

Ал 21 қаңтарда елдің бұрынғы президенті Яйя Джамме өз еркімен 22 жыл атқарған билігінен бас тартып, өкілеттігін жаңа президентке берді. Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, Яйя Джамме елден кетіп қалған.

Дереккөз: Tengrinews.kz

23 қаңтар 2017, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.