Атырау, 8 қазан 14:59
 дождьВ Атырау +23.2
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

Әлемде

Асад: Астанадағы бейбіт келіссөзге қатысуға дайынбыз Әлемде

Асад: Астанадағы бейбіт келіссөзге қатысуға дайынбыз

Сирия президенті Башар Асад Дамаск егер Сирия оппозициясымен келіссөз өткізу ұсынысы іске асса "не нәрсеге қатысты болса да" диалогқа дайын екенін мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 9 қаңтар 2017, 16:03 1 870 рет қаралды
Израиль әскерилеріне шабуыл жасаған қаскөйдің аты-жөні анықталды  Әлемде

Израиль әскерилеріне шабуыл жасаған қаскөйдің аты-жөні анықталды

Израиль полициясы Иерусалим қаласындағы әскерилерге шабуыл жасаған қаскөйдің аты-жөнін анықтады. Ол Джебель Мукабер ауданының тұрғыны 28 жастағы Фади Кунбар есімді палестиндық болып шықты,- деп хабарлады 24.kz. 9 қаңтар 2017, 11:44 2 453 рет қаралды
Донбаста үш украин сарбазы жоғалып кетті Әлемде

Донбаста үш украин сарбазы жоғалып кетті

Донбаста Украина үкіметі әскері мен ресейшіл сепаратистер шебі шектесетін аймақта үш украин сарбазы жоғалып кетті. Украина шығысындағы операциялар штабының хабарлауынша, әскери бөлімдердің бірінің үш сарбазы кешеден бөлімдеріне қайтып оралмаған. Олармен байланыс үзілген, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр,- деп хабарлады Азаттық. 9 қаңтар 2017, 11:37 2 720 рет қаралды
Шавкат Мирзияев «қылмыс әлемінің серкесін» жоғары лауазымға тағайындады  Әлемде

Шавкат Мирзияев «қылмыс әлемінің серкесін» жоғары лауазымға тағайындады

«Қылмыс әлемінің серкесі» деп аталып кеткен Салим Абдувалиев Өзбекстанның Ұлттық Олимпиада комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл президент Шавкат Мирзияев жасаған кадрлық өзгерістерден кейін белгілі болған, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі-не сілтеме жасаған Baq.kz. 9 қаңтар 2017, 10:02 2 096 рет қаралды
Нетаньяху: Иерусалимдегі шабуылды жасаған ИМ мүшесі болуы мүмкін Әлемде

Нетаньяху: Иерусалимдегі шабуылды жасаған ИМ мүшесі болуы мүмкін

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың айтуына қарағанда, Иерусалимде бір топ израиль әскери қызметкерін жүк көлігімен таптап өткен адамның кім екені анықталды және ол қолда бар мәлімет бойынша "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының мүшесі болған,- деп хабарлады Азаттық. 9 қаңтар 2017, 09:58 1 721 рет қаралды
БАҚ: Стамбулдағы шабуылға Өзбекстан азаматы күдікті саналады Әлемде

БАҚ: Стамбулдағы шабуылға Өзбекстан азаматы күдікті саналады

Түркия полициясы Стамбулда жаңа жыл кешінде түнгі клубқа жасалған шабуылға Өзбекстан азаматы Абдулғадыр Машариповты (лақап аты Абу Мұхаммед Хорасан) күдікті деп санайды. Бұл туралы түркиялық Daily Sabah басылымы хабарлады. 8 қаңтар 2017, 11:32 2 740 рет қаралды
Измирдегі жарылысты күрд жасағы ұйымдастырған  Әлемде

Измирдегі жарылысты күрд жасағы ұйымдастырған

Түркияның Измир қаласындағы террорлық шабуылды «Күрдістан жұмысшы партиясының» содырлары ұйымдастырған. Бұл туралы оқиға орнында болып қайтқан осы елдің премьер-министрі Бинали Йылдырым мәлімдеді,- деп хабарлады 24.kz. 6 қаңтар 2017, 16:17 2 215 рет қаралды
Ресей Бас штабы: Әскери кемелер Сириядан шығарылады Әлемде

Ресей Бас штабы: Әскери кемелер Сириядан шығарылады

Ресейдің "Адмирал Кузнецов" авиакрейсері мен ол басқаратын әскери кемелер Сирияда әскери операция жүргізіп жатқан аймақтан кетеді деп хабарлады ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған Азаттық. 6 қаңтар 2017, 15:42 2 152 рет қаралды
Анкара: Коалицияның әуе базамызды пайдалану шартын қайта қараймыз Әлемде

Анкара: Коалицияның әуе базамызды пайдалану шартын қайта қараймыз

Түркия билігі "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қарсы АҚШ бастаған коалицияның Сириямен шекараға жақын орналасқан стратегиялық маңызы бар Инжирлик әуе базасын пайдалануын тоқтатуы мүмкін екенін мәлімдеді. Коалиция Инжирлик базасын ИМ-ге әуеден шабуыл жасау үшін пайдаланып келген,- деп хабарлады Азаттық. 6 қаңтар 2017, 12:35 2 657 рет қаралды
Ғалымдар: Лас ауа мен көлік шуылы деменцияның дамуын күшейтеді Әлемде

Ғалымдар: Лас ауа мен көлік шуылы деменцияның дамуын күшейтеді

Канада ғалымдары көлік үздіксіз ағылып жүретін үлкен жолдардың бойында өмір сүру адамның ми қызметінің зақымданып, ақыл-парасат кемдігі ауруына (деменция) әкеліп соқтыратынын мәлімдеді. Ғалымдар мұндай қорытындыны Онтарио провинциясының екі миллионға жуық тұрғынын 11 жылға жуық уақыт бойы зерттеу нәтижесінде жасаған,- деп хабарлады Азаттық. 5 қаңтар 2017, 17:00 2 739 рет қаралды
Тегеран: Түркияның Сирияда бітім бұзылды деуі - негізсіз Әлемде

Тегеран: Түркияның Сирияда бітім бұзылды деуі - негізсіз

Иран Түркияның Сирияда Тегеран қолдайтын тараптар бітім шарттарын бұзып жатыр деген мәлімдемесін "конструктивті емес" деп жоққа шығарып, керісінше көтерілісшілерді бітімді бұзды деп айыптады,- деп хабарлады Азаттық. 5 қаңтар 2017, 15:59 2 084 рет қаралды
Бішкек: Түркияда ұсталғандардың паспорттары тексеріліп жатыр Әлемде

Бішкек: Түркияда ұсталғандардың паспорттары тексеріліп жатыр

Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) мәліметінше, Түркияда түнгі клубқа шабуылдан кейінгі рейд кезінде ұсталғандардың кейбірінде Қырғызстан паспорты болуы мүмкін. МҰҚК өкілі Рахат Сулаймановтың Азаттықтың Қырғыз редакциясына айтуынша, қазір ұсталғандардан қырғыз паспортының табылғанына қатысты тексеру жүріп жатыр. Ол екі елдің арнайы қызметі өзара байланыста жұмыс істеп жатқанын айтады. 5 қаңтар 2017, 13:02 2 460 рет қаралды
Франция Сербияның сұрауымен Косовоның экс-премьерін тұтқындады Әлемде

Франция Сербияның сұрауымен Косовоның экс-премьерін тұтқындады

Франция полициясы Сербияның сұрауы бойынша Косовоның бұрынғы премьер-министрі Рамуш Харадинайды тұтқындады. Харадинай Косовода 1998-1999 жылдардағы соғыста дала командирі болған. Сербия билігі оны сол соғыста әскери қылмыс жасады деп айыптайды. Бұрын Сербияның бір аймағы болған Косово 2008 жылы тәуелсіздігін жариялаған,- деп хабарлады Азаттық. 5 қаңтар 2017, 09:42 2 533 рет қаралды
Израиль сарбазы палестин азаматын атып өлтірді деп айыпталды Әлемде

Израиль сарбазы палестин азаматын атып өлтірді деп айыпталды

Израиль соты израиль солдаты Элор Азарияға палестин азаматын абайсызда атып өлтірді деп айып тақты. Сержант Элор Азария өткен жылы наурызда Иордан өзенінің батыс жағалауында өзге бір израиль солдаты пышақталған оқиғадан соң палестиндік Абдул Фатах әл-Шарифті жерде қозғалмай жатқан кезінде басынан атып өлтірген. Оның бұл әрекеті бақылау камерасына түсіп қалған,- деп хабарлады Азаттық. 5 қаңтар 2017, 09:21 2 055 рет қаралды
Филиппинде түрмеге шабуыл жасалып, 130 тұтқын қашып шықты Әлемде

Филиппинде түрмеге шабуыл жасалып, 130 тұтқын қашып шықты

Филиппиннің оңтүстігінде бүгін исламшыл бүлікшілерге қатысы бар ондаған қарулы адам түрмеге басып кіріп, 130-дан астам тұтқынды босатып жіберді. Полицияның хабарлауынша, қарулы топ түрме күзетшісін атып өлтірген,- деп хабарлады Азаттық. 4 қаңтар 2017, 12:01 1 846 рет қаралды
Ыстамбұлда теракт жасады деген қырғызстандық кінәсін мойындамай отыр Әлемде

Ыстамбұлда теракт жасады деген қырғызстандық кінәсін мойындамай отыр

Ыстамбұлда түнгі клубқа шабуыл жасады деген күдікпен Қырғызстан азаматы Яхья Машрапов ұсталды. Алайда қырғызстандық азамат болған терактіге ешқандай да қатысы жоқ екенін айтып отыр. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде оның паспортының суреті пайда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты РИА Новости-ге сілтеме жасап. 4 қаңтар 2017, 10:05 2 049 рет қаралды
Стамбулдағы терактіге қырғыз азаматының қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр Әлемде

Стамбулдағы терактіге қырғыз азаматының қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) "1 қаңтар күні Түркияның Стамбул қаласында болған қарулы шабуылға қырғыз азаматының қатысы бар" деген ақпаратты тексеріп жатқанын айтты,-деп хабарлады Азаттық. 3 қаңтар 2017, 20:36 2 592 рет қаралды
"ИМ" тобы Бағдаттағы жарылыстарға жауапкершілікті өзіне алды Әлемде

"ИМ" тобы Бағдаттағы жарылыстарға жауапкершілікті өзіне алды

"Ислам мемлекеті" экстремистік тобы Ирак астанасында сенбі жасалған жарылыстарға жауапкершілікті өзіне алды. Исламшылдардың мәлімдеуінше, олардың нысанасы - мұсылман шииттері болған,- деп хабарлайды Азаттық. 1 қаңтар 2017, 10:45 1 805 рет қаралды
Ыстамбұлда Санта-Клаус болып киінген екеу түнгі клубқа шабуыл жасады: 35 адам қаза тапты  Әлемде

Ыстамбұлда Санта-Клаус болып киінген екеу түнгі клубқа шабуыл жасады: 35 адам қаза тапты

Ыстамбұлда Санта-Клаус болып киінген екеу түнгі клубқа шабуыл жасады. Кем дегенде 35 адамның қаза тапқаны және 40 адамның зардап шеккені хабарланды, - де жазады РИА Новости қала мэрі Васип Шахиннің мәлімдемесіне сілтеме жасап. Мэр Haberturk телеарнасында сөз сөйледі. 1 қаңтар 2017, 10:29 2 112 рет қаралды
АҚШ-тан шығарылған Ресей дипломаттары елдеріне қайта алмауда  Әлемде

АҚШ-тан шығарылған Ресей дипломаттары елдеріне қайта алмауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тан шығарылып жатқан ресейлік дипломаттар Ресей Федерациясына билет сатып аларда кедергілерге тап болуда, деп жазды «Лента.ру» «Интерфакске» сілтеме жасап. 30 желтоқсан 2016, 12:49 2 322 рет қаралды