Атырау, 27 қараша 18:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Франция президенттігіне үміткер: Қырымды тартып алу - заңды

1 842 просмотра

Франция президенттігіне кандидат, әсіре оңшыл Марин Ле Пен Ресейдің Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алуын "заңсыз емес" деп мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық.

Францияның BFM TV телеарнасына берген сұхбатында "Ұлттық майдан" партиясының жетекшісі Марин Ле Пен Қырым аннексиясы мен оның мәртебесі жөніндегі даулы мәселеде Кремльді жақтап шықты.

"Мен түбек заңсыз аннексияланды дегенмен мүлдем келіспеймін: референдум өтті, Қырым тұрғындары Ресейге қосылуды қалады" деді Ле Пен. Ресеймен тығыз қарым-қатынас орнатуды қалайтын Ле Пен - 17 сәуірде өтетін президент сайлауына үміткер.

2014 жылы ақпанда Қырымда Ресей әскерилері пайда болып, бір айдан соң онда референдум өткен. Қырымның ресейшіл билігі ұйымдастырған референдумда дауыс бергендердің 95 пайызы түбектің Ресейге қосылуын жақтаған.

"Мен бұл референдум қорытындысына қандай да бір күмән келтірерліктей себеп көре алмай тұрмын" деген Ле Пен Қырымды Ресейдің бір бөлігі ретінде санайтынын айтты.

АҚШ пен Еуропа Одағы референдумды "фарс" деп атап, Қырымның Ресейге қосылғанын мойындаудан бас тартқан. Вашингтон мен Брюссель Мәскеудің Қырымды аннексиялап, Украина шығысындағы қақтығысқа киліккеніне жауап ретінде қаржы-экономикалық санкциялар салған.

Дереккөз: Азаттық

4 қаңтар 2017, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.