Атырау, 27 қараша 17:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Тегеран: Түркияның Сирияда бітім бұзылды деуі - негізсіз

1 763 просмотра

Бахрам Гасеми, Иран сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Иран Түркияның Сирияда Тегеран қолдайтын тараптар бітім шарттарын бұзып жатыр деген мәлімдемесін "конструктивті емес" деп жоққа шығарып, керісінше көтерілісшілерді бітімді бұзды деп айыптады,- деп хабарлады Азаттық.


"Сириядағы қазіргі бітім үкіметке қарсы оппозициялық топтар тарапынан бұзылып жатыр" деп мәлімдеді 5 қаңтарда Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Бахрам Гасеми.

Гасеми Түркияны оқ атпау келісімін бұзу оқиғаларына қарсы шаралар қабылдауға және "іске аспайтын ұстанымнан бас тартуға" шақырды.

Кеше Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Иранды Сирия үкіметі мен оның одақтастарының бітімді бұзын тоқтатуға ықпал етуге шақырған.

Өткен аптада Мәскеу мен Анкараның арағайындығымен жасалған Сирияда қақтығысты тоқтату туралы бітімнен соң осы айдың соңында Астанада бейбіт келіссөз өтеді деп жоспарланып отыр.

Бірақ Чавушоглу бітімді бұзу оқиғалары жоспарлы келісімге кесірін тигізеді деп ескерткен.

Гасеми ескертпе Сириядағы жағдайды "одан ары ушықтыра түседі" дейді.

Сириядағы дағдарыста Иран мен Ресей Сирия президенті Башар Асадты, Түркия оппозицияшыл көтерілісшілерді қолдайды.

Дереккөз: Азаттық

5 қаңтар 2017, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.