Атырау, 27 қараша 17:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Измирдегі жарылысты күрд жасағы ұйымдастырған

1 911 просмотра

Түркияның Измир қаласындағы террорлық шабуылды «Күрдістан жұмысшы партиясының» содырлары ұйымдастырған. Бұл туралы оқиға орнында болып қайтқан осы елдің премьер-министрі Бинали Йылдырым мәлімдеді,- деп хабарлады 24.kz.

Естеріңізге саламыз, кеше кешкісін Измирдің сот ғимараты алдында бомба тиелген көлік жарылып, қарулы қақтығыс болды. Ресми ақпаратқа сүйенсек, мұздай қаруланған қандықол қылмыскерлер ғимарат ішіне баса-көктеп кірмек болған екен. Алайда тәртіп сақшылары табандылық көрсеткен. Қарулы қақтығыс кезінде бір полиция мен сот қызметкері қаза тауып, 9 адам әртүрлі деңгейде жарақат алды. Сондай-ақ, 2 содырдың көзі жойылып, оқиға орнынан бір лаңкес қашып үлгерді. Қазір Измирде күдіктіні ұстау операциясы жүргізіліп жатыр. Құзырлы органдар бұл қылмысқа қатысы болуы мүмкін 2 адамды ұстады. Жарылыс болған аумаққа тінту жасаған полиция лаңкестерге тиесілі 2 Калашников автоматы мен граната атқыш және 8 қол бомбасын тәркіледі.

Бинали Йылдырым, Түркия Республикасының премьер-министрі:

- Оқиға орнында полиция қызметкеріміз ірі лаңкестік оқиғаның алдын алып, ерлікпен қаза тапты. Өйткені тәркіленген қару-жарақтарға қарап-ақ содырлар жантүршігерлік қанды қырғын жасамақ болғанын аңғару қиын емес. Біз террорлық әрекетті сынға алып, оны қатаң түрде айыптаймыз. Бұл оқиғалар халқымыздың рухын жаншып, бірлігін бұзуға бағытталып отыр. Алайда лаңкестердің жымысқы әрекеттерін іске асыруына еш мүмкіндік бермейміз.

Дереккөз: 24.kz

6 қаңтар 2017, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.