АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп жапондық Toyota компаниясына ел аумағында өз зауытын ашпаса, оған салықты көтеретінін айтып сес көрсетті,- деп хабарлады 24.kz.
Өйткені жақында осы бірлестік басшылығы Мексиканың Баха қаласында америкалық нарыққа шығатын көлік зауытын ашатынын мәлім еткен. Осыған жауап ретінде Трамп Twitter-індегі парақашасында «өндірісті АҚШ-та салыңыздар, болмаса көп салық төлеңіздер» деп жазған. Ал Трамптың сайлау бағдарламасының басты бөлігінің бірі Құрама Штаттарда жаңа жұмыс орындарын ашу болатын. Бұл үшін ол елдегі өнеркәсіптерге салықты азайтып, импорттық алымдарды көтеруді жүзеге асырмақ.
Дереккөз: 24.kz