Атырау, 8 желтоқсан 04:29
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Израиль әскерилеріне шабуыл жасаған қаскөйдің аты-жөні анықталды

2 318 рет қаралды

Видеодан үзінді. Рен ТВ

Израиль полициясы Иерусалим қаласындағы әскерилерге шабуыл жасаған қаскөйдің аты-жөнін анықтады. Ол Джебель Мукабер ауданының тұрғыны 28 жастағы Фади Кунбар есімді палестиндық болып шықты,- деп хабарлады 24.kz.

Қастандықтан 4 әскери қызметкер мерт болып, 13-і жарақат алған. Ал шабуылды жасаған адам сол жерде полиция қолынан қаза тапты. Іле-шала шабуылды «Хамас» тобы өз мойнына алды.

Айта кетейік, Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыстар 2015 жылдың қыркүйегінен бері ушығып кеткен. Сол уақыттан бастап Израиль әскерилеріне 300-ден аса шабуыл жасалды. Салдарынан 40-қа жуығы қаза тауып, 500-ден астам израильдік жарақат алды. Қақтығыстардан 230-ден астам палестиналық мерт болған.

Дереккөз: 24.kz


9 қаңтар 2017, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.