Атырау, 14 қазан 07:43
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

"ИМ" тобы Бағдаттағы жарылыстарға жауапкершілікті өзіне алды

1 663 просмотра

"Ислам мемлекеті" экстремистік тобы Ирак астанасында сенбі жасалған жарылыстарға жауапкершілікті өзіне алды. Исламшылдардың мәлімдеуінше, олардың нысанасы - мұсылман шииттері болған,- деп хабарлайды Азаттық.

Естеріңізге салсақ, желтоқсанның 31-і күні Бағдаттағы үш жарылыстан 29 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. Жұрт көп жиналған әл-Синак базарында жанкешті екі жарылыс жасаған, тағы бір жарылыс Бағдаттың шығыс бөлігінде болған.

Ирак үкімет әскері күрдтердің қарулы жасағы және АҚШ жетекшілік ететін коалиция әуе күштерінің қолдауымен қазанның 17-сінен бері елдің солтүстігіндегі Мосул қаласын жихадшылардан азат ету операциясын жүргізіп жатыр. 2014 жылы Ирактың солтүстігі мен батысында біршама аумақты басып алып, бақылауында ұстаған "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының қолында қазір тек Мосул қаласы қалып отыр.

Дереккөз: Азаттық

1 қаңтар 2017, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.