Қытайдың солтүстігі мен шығысындағы бірқатар провинцияда қауіптіліктің ең жоғары қызыл деңгейі жарияланды,- деп хабарлады 24.kz.
Оған өңірді тұмшалаған көк түтін себеп. Ел астанасы Бейжіңнің өзінде ауадағы зиянды заттар мөлшері тиісті межеден 24 есе асып кеткен. Салдарынан 100-ден астам әуе рейсі кейінге шегеріліп, жекеменшік көлікпен жүруге шектеу қойылды.
Мамандардың айтуынша, экологиялық жағдайдың нашарлауына Бейжің төңірегінде жер үйде тұратын халықтың көмір жағуы мен көлік түтіні әсер етуде. Осы ретте жергілікті билік ауаның ластануымен күрес жүргізу үшін биыл 2,5 млрд доллар бөлуді жоспарлап отыр.
Дереккөз: Хабар 24.kz