Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың айтуына қарағанда, Иерусалимде бір топ израиль әскери қызметкерін жүк көлігімен таптап өткен адамның кім екені анықталды және ол қолда бар мәлімет бойынша "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының мүшесі болған,- деп хабарлады Азаттық.
8 қаңтарда Иерусалимнің орталығындағы Ескі шаһар ауданында жүк көлігін басқарған біреу көшедегі жүргіншілерді таптап өткен. Шабуылдан төрт адам қаза тауып, 15 адам жараланған. Полиция жүк көлігін жүргізген адамды оқиға орнында атып тастаған. Полиция оқиғаны теракт деп бағалайды.
Оқиға орнына барған Нетаньяхудың мәлімдеуінше, билік шабуыл жасаған адам тұрған Джабель Мукабер ауданына кіретін жолдарды жапқан және мұндай оқиғаларды қайталануының алдын алу шараларын жасап жатыр. Ақ үй шабуылды айыптап, "Қорқаулар жасайтын мұндай шабуылдарды ешнәрсемен ақтап алуға болмайды. Біз барлығын біржақты түрде терроризмге ешқашан төзімділік танытуға болмайды деп мәлімдеуге шақырамыз" деп мәлімдеді.
Өткен жылы палестиналықтар израильдіктерге бірнеше рет, оның ішінде суық қару мен атыс қаруларын, көліктерді пайдаланып бірнеше рет шабуыл жасаған. Өткен жылдың қыркүйегінен бері шабуылдардан кем дегенде қырық израильдік пен екі америкалық азамат қаза тапты. Осы уақыт ішінде Израиль арнайы қызметінің қолынан 229 палестиналық оққа ұшты.
Дереккөз: Азаттық