Атырау, 27 қараша 17:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Стамбулдағы терактіге қырғыз азаматының қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр

2 042 просмотра

Яхья Машрапов. Фото: Globallookpress.com

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) "1 қаңтар күні Түркияның Стамбул қаласында болған қарулы шабуылға қырғыз азаматының қатысы бар" деген ақпаратты тексеріп жатқанын айтты,-деп хабарлады Азаттық.

МҰҚК өкілі Рахат Сулаймановтың Азаттыққа айтуынша, Қырғызстан бұл дерекке байланысты Түркияға арнайы сұрау салған. Ол қылмысқа күдікті делінген адамның паспортының көшірмесі деп интернетте жарияланған мәліметті де тексеріп жатқандарын айтты. Кейін Қырғызстанның мемлекеттік тіркеу қызметі басшысы Тайырбек Сарпашев те ол құжаттың көшірмесін тексеріп жатқандарын мәлімдеді.

Ал түрік полиция күдікті делінген адамның селфи-видеосын жариялап, сол шабуылға қатысы бар делінген сегіз адамның ұсталғанын хабарлады.

Қаңтардың 1-і күні түнде Стамбулдағы Reina клубына жасалған қарулы шабуылдан кемінде 39 адам қаза тауып, 40-қа жуық адам жараланған.

Дереккөз: Азаттық

3 қаңтар 2017, 20:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.