Атырау, 27 қараша 18:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Франция Сербияның сұрауымен Косовоның экс-премьерін тұтқындады

2 082 просмотра

Франция полициясы Сербияның сұрауы бойынша Косовоның бұрынғы премьер-министрі Рамуш Харадинайды (суретте) тұтқындады. Харадинай Косовода 1998-1999 жылдардағы соғыста дала командирі болған. Сербия билігі оны сол соғыста әскери қылмыс жасады деп айыптайды. Бұрын Сербияның бір аймағы болған Косово 2008 жылы тәуелсіздігін жариялаған,- деп хабарлады Азаттық.

Косованың сыртқы істер министрлігі Франция билігі Харадинайды "Сербияның 2004 жылы берген ордері негізінде ұстағанын" және оны құп көрмейтінін мәлімдеді.

Reuters агенттігі полициядағы дереккөзіне сілтеме жасай отырып бұрынғы премьердің Францияның шығысындағы Базель-Мульхаус әуежайында Приштинадан келген бетінде ұсталғанын хабарлады.

Харадинай Косово үкіметін 2004-2005 жылдары басқарған. Оған әскери қылмыс жасады деген айып тағылып, кейін Гаага трибуналы ақтаған. Харадинай 2015 жылы маусымда Сербияның ордері бойынша ұсталып, екі тәуліктен соң дипломатиялық қысыммен босатылған.

Дереккөз: Азаттық

5 қаңтар 2017, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.