Фото: ЕРА
Ыстамбұлда Санта-Клаус болып киінген екеу түнгі клубқа шабуыл жасады. Кем дегенде 35 адамның қаза тапқаны және 40 адамның зардап шеккені хабарланды, - де жазады РИА Новости қала мэрі Васип Шахиннің мәлімдемесіне сілтеме жасап. Мэр Haberturk телеарнасында сөз сөйледі.
Мэр шабуылдың теракт екенін айтты.
Hurriyet газетінің мәліметінше, шабуыл жасалған Reina клубында 700-800-дей адам болған. Шабуылдағандардың араб тілінде сөйлегені белгілі болды. Ал клубтың қожайыны бұл теракт жайлы америкалық барлау қызметінің ескерткенін мәлімдеді. "7-8 күн бұрын бізге ескертілген. Соңында не болды, осылай болды", - жежі клубтың иесі Мехмет Коджарслан. Шабуылдаушы Калашников автоматынан атқан.
Дереккөз:Тengrinews.kz