Атырау, 23 қаңтар 07:44
 бұлттыВ Атырау -7
$ 505.71
€ 591.43
₽ 6.65

Ғалымдар: Лас ауа мен көлік шуылы деменцияның дамуын күшейтеді

2 606 рет қаралды

Канада ғалымдары көлік үздіксіз ағылып жүретін үлкен жолдардың бойында өмір сүру адамның ми қызметінің зақымданып, ақыл-парасат кемдігі ауруына (деменция) әкеліп соқтыратынын мәлімдеді. Ғалымдар мұндай қорытындыны Онтарио провинциясының екі миллионға жуық тұрғынын 11 жылға жуық уақыт бойы зерттеу нәтижесінде жасаған,- деп хабарлады Азаттық.

Зерттеу мәліметтері бойынша, деменцияға ұшырағандардың 10 пайызына ауаның ластануы мен көлік шуылы ықпал еткен.

Әлемде 50 миллионға тарта адам жас кезінен немесе қартайғанда шалдыққан (кәрілік деменциясы) ақыл-есі кемдік ауруынан зардап шегеді. Бірақ мұның себептері түпкілікті анықталмаған.

Дереккөз: Аzattyq.org

5 қаңтар 2017, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.